«ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРУЫ»

1083байқауы алғаш рет өтті

 

Айнабай МӘДИ 

Алматыдағы «Әскерилер үйінде» алғаш рет Қылмыстық-атқару жүйесінің нәзік жанды қызметкерлері арасында «Қылмыстық-атқару жүйесінің аруы» атты байқау өтті.

Байқауға аталған жүйенің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша департаментінің қыз-келіншектері қатысты.

– Мұндай мәдени-бұқаралық шара бізде мекемеде бірінші рет өткізіліп отыр. Байқау «Қазақстан полициясы күні» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды. Байқауға түзету мекемелерінде іріктеу турынан өткен 10-нан астам бойжеткен қатысты, – деді департамент бастығының орынбасары Ернат Ақылжанов.

Байқауға қатысқандар бірнеше аталым бойынша бақ сынады. Бикештер зияткерлік қабілетін көрсетіп, би өнері мен ән шырқаудан жарысқа түсті. Мұнда түрлі музыкалық аспапта ойнау жағы да назарға алынды. Әйел адамның сұлулығы мен сымбатынан артық не бар десеңші. Нәзіктік те, сән де соларда  ғой. Осы жағы байқауда паш етілді.

Әділқазы құрамына шаһарымыздың танымал мәдениет пен өнер қайраткерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері болды. Алқа құрамына Ауған соғысының ардагерлері мен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері де тартылды. Алқа бірауыздан «Қылмыстық-атқару жүйесінің аруы» атағын қылмыстық-атқару инспекциясының инспекторы, әділет капитаны Гаухар Қасымоваға табыстады.

«Қылмыстық-атқару жүйесінің 1-вице-аруы» атағын Алматыдағы тергеу абақтысының қызметкері Екатерина Требухова жеңіп алса, Алматы қаласы  Алатау аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының инспекторы Балжан Рысбаева «Қылмыстық-атқару жүйесінің 2-вице-аруы» атанды. Байқау  жеңімпазы мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар тарту етілді. Байқауға қатысушылар да сый-сияпаттан кенде болған жоқ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *