ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛАТЫН БАСТЫ ТҰЛҒА – УЧАСКЕЛIК ИНСПЕКТОРЛАР

Айнабай МӘДИ

99-4817-3Қайрат ТЫНЫБЕКОВ, Алматы қалалық Iшкi iстер департаментiнiң бастығы, полиция генерал-майоры: 

Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов қаламыздағы бiрқатар пәтер иелерi кооперативтерiнiң (ПИК) төрағалары мен аумақтық (учаскелiк) полиция инспекторларымен кездесу кезiнде жиылған қауымның назарын бүгiнгiнiң өткiр де өзектi мәселелерiне аударды. Бұл ретте шаһар басшысы құқық қорғау органдарының қызметiн жетiлдiру жөнiнде сөз қозғап, олардың жұртшылықпен етене жұмыс iстеуiне ерекше ден қойды.

Тұрғындар өздерi тұратын аумақты қадағалайтын полиция инcпекциясының мекен-жайын жақсы бiлуi тиiс. Маңай тұрғындары өздерiн мазалаған мәселелер жөнiнде полиция инспекторларының байланыс телефонына жиi хабарласып, ортақ қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi керек. Тұрғын үйлерде орын алатын қауiп пен қатер көбiне тұрғындардың салдырсалақтығынан туындайтынын өмiр көрсетiп отыр. Бiр ғана «Ақкенттегi» қанды оқиғаның өзi тұрғындардың кiмдермен бiрге тұрып жатқанына да бейқам қарайтынын бiлдiрдi емес пе. «Сақалдылардан» балалар секем алса да, ересектер оған мән бермептi. Соңы қанды кекке ұласып, бiрнеше сағатқа созылған майдан орын алғанын маңай тұрғындары ұмыта қоймаған болар.

Қала әкiмi Ахметжан Есiмов: «Учаскелiк инспекторлар жұртшылықпен жұмысқа дендеп кiрiсуi керек. Аумақтағы тәртiптi сақтау үшiн олардың әрбiрi тұрғындардың немен тыныс алып, қалай тұрып жатқанын бiлуi тиiс. Бұл үшiн сiздерге жұртшылықпен жиi кездесу өткiзiп, әрбiр дабылға шұғыл әрекет керек», – дедi осы жиында.

Жұрттың күткенi осы ғой, өйткенi полиция өкiлдерi мен тұрғындар арасында тығыз қарым-қатынас орнамаған жерде қауiпсiздiк туралы айтудың өзi артық. Бұл ретте тәртiп сақшыларына деген сенiм де әдiрем қалады.

Бiзбен дидарласқан Алматы қалалық Iшкi iстер департаментiнiң бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Тыныбеков былай дедi: «Бүгiнде құқықбұ зушылық пен қылмыстың алдын алуға, қаламызда қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге баса көңiл бөлiнуде. Ал, құқықбұзушылықтың алдын алуда әрқашан да басты фигура — учаскелiк инспекторлар болған және бола бермек».

Шаһарымыздың бас тәртiп сақшысы қала әкiмiне полицияның учаскелiк инспекторлары қалалықтарға бәрiнен жақын болғандықтан, бiрсыпыра уақыттан берi төңiрек тұрғындарының ой-пiкiрi санатқа алынып тағайындалатынын жеткiздi. Бұл да әбжiл әрекет екен. Полиция генерал-майоры өз сөзiнде: «Мұндай тәжiрибенi департамент басшылығы жалғастыратын болады» дедi.

Алматы әкiмiнiң қолынан грамота мен 100 мың теңге көлемiнде ақшалай сыйақы алған сәтте 7 бiрдей учаскелiк инспектордың қатты толқығанын байқадық. Бұған қоса, Алматы қалалық IIД-нiң грамотасы мен «Алғыс хатына», «Қазақстан полициясына – 20 жыл» төсбелгiсiне 8 алматылық ПИК төрағасы мен 5 полицияның қоғамдық көмекшiсi ие болды.

Бiр айта кетерлiгi, Алматы қалалық IIД-нiң басшылығы жыл басынан берi қоғамдық тәртiптi күзетуге белсене қатысқан 800-ден астам полицияның қоғамдық көмекшiсiн 10 млн. теңге көлемiнде ақшалай сыйақымен марапаттады. Биыл бұл орайда 25 млн. теңге бөлiнiп отыр. Осының бәрi – қала тұрғындары мен қонақтарының қауiпсiздiгi үшiн жасалынып отырған ынталандыру қам-қарекетi.

– Қоғаммен тығыз байланыс орнату арқылы бiз қылмыспен күресте барлық бейбiт әрекеттi қамти аламыз. Iшкi iстер департаментi қаламызда тиiстi құқық тәртiбiн қамтамасыз етiп, қала қонақтары мен қала тұрғындары өзiн бейқам әрi қауiпсiз сезiнуi үшiн қажеттi барлық шараны қолданады, – дедi қаламыздың бас тәртiп сақшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *