«Выдающиеся»

Әбді-Жамил Нұрпейіс.

Бұл кісіге артық анықтауыштың еш қажеті жоқ.

Оның шығармалары халқымыздың бірнеше буынын тәрбиеледі.

Туындылары әлемнің 35 тіліне аударылды.

Белгілі әдебиетшілер, қаламгерлер айтып жүргеніндей, Әуезовтен кейін әлемдік деңгейде танылған қазақ қаламгері.

Осы ұлық жасына дейін туған күнін ел деңгейінде атап көрмеген, аты аңызға айналған абыз қаламгердің өткен аптада Алматы жұртшылығы мерейтойын салтанатпен атап өтті.

Өзі айтатындай, осы күнге Алладан жыл сайын бір жас сұрап (қанағатшылдығы ғой) аса биік абыроймен жеткен қаламгердің еліне сіңірген өлшеусіз еңбегі жоғары бағаланып, Мемлекет басшысының Жарлығымен ең жоғары атақ – «Қазақстанның Еңбек Ері» берілді.

Ұлы, тау тұлға деген теңеулерге жаны қас, біз білетін Әбе «выдающиеся» – аса көрнекті сөзін қолданғанды қолай көреді.

«Алматы ақшамының» үздік оқырманы, үлкен жанашыры, аяулы ақсақалымызды аса жоғары мәртебелі атағымен басылымның 10 мың оқырманының атынан құттықтаймыз!

Алдымызда әлі де ұзақ жүріңіз, Әбе!

«Ақшам-ақпарат». 

Ә.К.Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті        Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 қазан

№ 194

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *