Волонтерлар – жоғары кәсіби қызмет көрсете алады

Ермек  ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Елімізде  2020 жыл – Волонтерлер жылы деп жарияланды. Сондай-ақ, ерікті ретінде  қызмет көрсететін студенттердің стипендиясы 30 пайызға өсетіні айтылды. Еріктілер   тақырыбы  мемлекет және қоғам тарапынан жиі көтеріліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаев айтқандай, Қазақстан волонтерлікті дамытудың жаңа кезеңіне қадам  басты.

Жақында  бұл  мәселе  ел парламентінің отырысында да  қаралды.   Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен Үкімет сағаты өтіп, онда Жастар жылының  қорытындысы мен Волонтерлер жылының басталуына  дайындық мәселесі  қаралды.  Депутаттар Волонтер жылын өткізуге  дайындық жоспарын  пысықтап  алды.  Волентор жылына дайындық жұмыстары алты бағытта  жүргізілмек.

Еріктілердің мәртебесін, құқығы мен міндеттерін және мемлекеттік қолдау шараларын бекіткен «Волонтерлік қызмет туралы» арнайы заң Қазақстанда  2016 жылдың  соңында  қабылданды.  Жалпы,  Волонтер жылы кеңеттенпайда  болған жоқ. Бұл  – елімізде  аталған қозғалысты қалыптастыруда және дамытуда аянбай  қызмет етіп  жүрген көптеген ұйымдардың 20 жылдық еңбегінің жемісі.

Қазақстан  Президенті  Қасым-Жомарт  Тоқаев 2019 жылдың «Жастар жылы» деп жариялануын еріктілікті дамытудың жаңа кезеңі деп айтқан  болатын.  Мемлекет  басшысы  волонтерлік қозғалыстың көшбасшыларын ауқымды  әлеуметтік  міндеттерді шешу ісіне белсенді атсалысуға шақырды. Осы саладағы халықаралық серіктестікті ынталандыру қажеттігіне көңіл аударылып, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Еріктілердің тиісті құқықтары мен міндеттері де айқындалды. Бұл  қозғалыстың  өзіндік  ұраны да  бар. Волонтерлердің өмірлік ұстанымдары мына өсиеттерде: «Ол – ортақ іске адал бол, атқаратын тапсырмаларыңды түсін, жұмысыңды шын жүрегіңмен істе және еріктілік      кәсібіңді мақтан ет, ол сенің жаныңның байлығын молайтады» дегенге саяды.

Волонтерлер қызметінің басты   ұраны – еріктілік. Еріктілердің қызметі олардың өз бастамалары негізінде жүргізіледі. Өз еркімен, саналы түрде қызмет атқаруға ниет білдіргендіктен волонтерлер басқа адамдардың адамгершілігін олардың жеке және мәдени ерекшеліктерін   құрметтейді, өз жұмысының  сапасына, оның өз мерзімінде орындалуына  жауап  береді және олар жаңа білімдер мен шеберліктерді қабылдауға әрдайым ашық болып  келеді.

Волонтерліктің қағидаттарына  еріктілік, тәуелсіздік, бірлік, жан-жақтылық, адамгершілік, әділдік, бейтараптық сияқты миссиялар  тән. Еріктілер шын мәнінде бастамашыл, белсенді адамдар. Оларға өздері өмір сүріп жатқан қоғамының, елінің проблемаларына немқұрайлы қарау тіптен тән емес. Оған  «Ел үміті» – дарынды жастар мен жас көшбасшыларды қолдауға, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық марафон. Жобаның мақсаты – жас таланттарды, новаторларды, білікті мамандар мен кәсіпкерлерді насихаттау.

Әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы оның білімді, ойшыл жастарына байланысты  болмақ.  Ол үшін жастар – жасампаз, ойшыл  болуы керек. Заман ағымына  қарай, бәсекелестік тек экономикада емес, адамдар ара- сында да болуы тиіс. Қай мемлекетте алғыр жастар болса сол ел бәсекелестікке төтеп береді. Қазақстанда жастар үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Қазіргі  таңда  олардың  қозғалысы  еліміздің  барлық   өңірлерінде құрылған.

Жас ұрпақты сапалы білім, саналы тәрбиемен сусындату қай кезде де өзектілігін жоғалтпаған.  Кезінде ата-бабаларымыз жас  өренді туған елін, қасиетті жерін, оның баға жетпес құндылықтарын сүюге тәрбиелеуді басты  мұра еткен. Осы рухани ұстанымбізді  бүгінгі күнге жеткізді. Аға  буын   тәуелсіз  Қазақ елінің туын жықпай, алға бастайтын ұрпақтың негізін қалап кетті. Қазіргі таңда жас ұрпақты азамат ретінде қалыптастыру  барысында біз олардың бойларына жаһанданудың теріс ықпалдарын жұқтырмауды көздеуіміз керек.

Еріктілер  қозғалысы  барлық қоғамда бар.  Алайда,  көптеген  мемлекеттер  бұл қозғалысқа жүйелі түрде  мән  бермей  келді. Зерттеулерге сүйенсек, халықаралық   еріктілердің ең көбі АҚШ-та. Көмекке  қол  созатын  азаматтардың 84 пайызын ғаламдық проблемалардың ішінде кедейлік мәселесі алаңдатып  келді. Мысалы, Үндістан еріктілерді ең көп қабылдайтын ел болса, қоғамдағы мәселелерді жақсартуда өз күшіне сенетін азаматтар құрлықтар арасында  қара  құрлыққа  қарай ағылады.

Қазіргі таңда елімізде жастар халықтың 21 пайызын құрайды.  «Бүгінгі күні елімізде жастар қатыса алатын, жастарды қолдау бойынша ондаған бағдарлама іске асырылып келеді. Соның арқасында соңғы екі жылда жастар арасындағы жеке кәсіпкерлер саны 5,4 пайызға ұлғайған.  Еліміз  жастары арасында сан қырлы талантты, креативті, терең ойлайтын, жастайынан өз ісін ашқан, елімізге, жеріне  шынайы берілген жастар көп  екен.  Ол туралы   Мәжіліс  төрағасының  орынбасары   Г.Исимбаева  өткен  үкімет  сағатында  айтып  өтті.

Жастар  мәселесі  белгілі  бір  шара  өткізу арқылы қорытындылмауы  тиіс. Ол – мемлекеттің  басты саяси  ұстанымы.  Осыған  орай Үкімет  сағатына  қатысқан   Ақпарат  және  даму  министрі  Д.Абаев  тақырыпқа  орай  өз көзқарасын жан-жақты  түсіндіріп  берді: «Жастар жылын тек 12 айға есептелгеніс-шаралардың күнтізбелік жоспарыдеп қарастыруға болмайды. Өйткені, жастар саясаты саласындағы Үкіметалдағы  уақытта  жүзеге асыратын кешенді бастама – жүйелі, ұзақ  мерзімді әлеуметтік нәтиже беруі тиіс. «Сондықтан негізгі іс-шаралар 3 жылға есептелген. Ал мемлекеттік қолдаудың ең тиімді шаралары Мемлекеттік жастар саясатының онжылдық тұжырымдамасына енген. Бұл  жалпы халықтың 21 пайызын  құрайды. Жас өлшемі бойынша 1 миллион 181 мың жас ювеналдық топқа жатады. Бұл – 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Тұтастай алғанда, бұл демографиялық көрініс бүкіл әлемде әр түрлі жылдамдықпен жүріп жатқан ұрпақаралық транзит процесін жақсы бейнелейді», – деді.

Әлем бойыпша  еріктілер саны –  970 миллионға жетіп-артылады. Джон Хопкинс университетінің   зерттеуі бойынша олардың  осы қызметке арнаған уақыты 125 млн. адамның толық жұмыс күніне сай келеді. Төрт адамның біреуі ғана уақыты мен біліктілігін арнайы   ұйымдар арқылы осы іске арнаса, қалған үшеуі айналасындағы адамдарға тікелей көмектеседі. Оның  экономикалық   ықпалына   келсек, еріктілер қызметі 1348 триллион АҚШ долларымен есептеледі, бұл ғаламдық экономиканың   2,4 пайызын  құрайды.

Мәселен,  Финляндияда болса, жастар үшін волонтерлік қызметтің эмоционалдық маңыздылығына  ерекше назар аударылады. Егер волонтерлік жұмыс эмоция тудырмаса, азаматтар оның қатарынан шығатындықтарын айтуға құқығы бар. ЬІнталандырудың келесі бір маңызды қыры  оның мазмұндық  жағы – маңызды мәселелерді шешуге тырысу, жаңа нәрсеге үйрену, таныстықтың шеңберін кеңейту. Волонтерлердің қатарында көбіне өзіне сенімді, денсаулығы мықты, бақытты, психологиялық тұрғыда дені дұрыс адамдар қалады екен. Жалпы, волонтерлікке тартылған адамдардың барлығына  бірдей  жағдай  жасалған. Жеке басының пайдасын ойлайтындарға,   өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамның дамуына үлес қосқысы келмейтіндерге бұл қатарда  орын  жоқ.   Қоғамда бұл құбылысқа түрлі нәрсе түрткі болуы мүмкін. Мәселен, АҚШ-та мектеп жасынан бастап балаларға «жақсылық жасау» идеясы кең үрдіске  енген. Жалпы, волонтерлікпен айналысу – АҚШ азаматының басты қасиеттерінің бірі деген түсінік қалып- тасқан. Қазір  осы  қасиет  біздің  еліміз  жастарының  бойына  сіңісті  болып  отыр.

Елімізде еріктілер туралы сөз қозғалса, бірден ойға келетіні – жастар, оның ішінде жоғары оқу орындарының студенттері. Алайда, бұл қалыптасқан қағиданың қайдан шыққаны белгісіз. Шетелдік озық  елдерде  еріктілер жас ерекшелігіне қарай жіктелмейді. Қоғам дамуына  өзгеріс алып келемін деген кез-келген адам бос уақытын волонтерлікке арнаса болады.

Волонтерлік   жағымды әсер ететіндігіне  күмән келтіруге болмайды. Оның үстіне, ол жастардың әлеуметтік бойкүйездігін жеңуге жағдай жасайды. Волонтерлікті тек қайырымдылықпен ғана байланыстыра  қарау   дұрыс емес.   Оның мәні мен маңызы тереңде жатыр.  Өйткені, ол бейбіт өмірөркендеу,  серіктестік  және адамдардың басқа да  өмірлік мәселелерімен тығыз байланысты. Волонтерлер   адамдарға жоғары деңгейдегі кәсіби қызмет көрсете алады.   Олар үкіметтің жұмысын толықтырып, оның қолын ұзартып, жағдайды түбегейлі өзгертуге атсалысады. Біз  оны  2011 жылы  Қытайдың  Чаншунь  қаласында  өткен  Азиада  ойындарында  көрдік. Қазақстандағы әлеуметтік лифтілердің тиімділігін арттырудың маңызды тетіктерінің бірі – «Жастар тәжірибесі» жобасы. Бұл жүмыс  іздеуші жастарға қажетті тәжірибе  алуға және әлеуетті жұмыс берушіменбайланыс   орнатуға көмектеседі.

Шетелдік әлеуметтанушылардың айтуынша, абсолюттік мәнде бұл өте кедей, бірақ ең табысты  ұрпақ. Алдыңғы  аға  буынмен салыстырғаңда, олардың жылжымайтын мүлкі  немесе көлігі жоқ. Бірақ жұмыс  істеуге  ыңғайлы аппартаменттерді  жалға алып тұруға мүмкіндіктері бар.

Жалпы, елімізде осы бағытта         миллионнан астам оқитын және жұмыс істейтін жас қамтылып  отыр. Ал арнайы шараларға 722 мың адам, яғни елдегі әрбір бесінші жас тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда, жастар саясатын қаржыландыру көлемі 40 есеге өскен.

Міне, елімізде Жастар жылы аяқталып келеді.Жастар жылы аясында түрлі ауқымды жобалар   жүзеге  асырылды.  Сондай-ақ, бұған дейін қабылданған осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар қайта қаралып, оларды ілгерілетуге қажетті қаржы көлемі едеуір ұлғайтылды.

Жастар жылы аясында «Жастар – ел тірегі» бағдарламасы   іске қосылды.  Бағдарламаға 3 жыл ішінде 1 млн. жасты тарту  көзделіп отыр.   Жоба аясында жұмыспен қамту мәселелерін шешу, білім беру сапасын арттыру және жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында   қос жоба жоспарланған.  Олар –  «Жас маман» және «Жас кәсіпкер».  Жастаржылында атқарылған жұмыстар  өте ауқымды.    Дегенмен,  оларарқылы қоғамдағы   жастар мәселесі  түбегейлі  шешім табады  деген  мәселенің  басы  ашық.  Алдағы уақытта жас ұрпақты қолдау,  көтермелеу  тұрғысындағы игі қадамдарға кеңіненжол ашатынына сеніміміз мол.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close