«VІSІON ZERO ALMATY»: жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асуда

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, мегаполисте жыл аяғына дейін «Сергек» фото-бейнефиксациясының қосымша тағы 707 постысы:  400-і қиылыстарға, ал 307-і жол жиегіндегі желі учаскелеріне орнатылады.

Бұл жүйе жылдамдықтың артуын, қызыл жарықтан өтіп кетуді, тұру-тоқтау желісін ескермеуді және авто­бус жолағымен жүруді бірден суретке түсіреді. Бұдан өзге, жаңа техноло­гияны пайдалану қылмыстың ізін суытпай, «жедел ашуға» ықпал етеді.

ПД өкілдерінің пікірінше, мұндай постылардың көп болуы көлік жүргізушілерді тәртіпке шақырады. Айыппұл төлеу кезінде адам факторы жойылады. Тәртіпбұзушылық авто­мат­ты түрде бірден мәліметтер базасына түседі және көлік иесіне жіберіледі.

Еске салсақ, бұл жүйе ағымдағы жылдың наурыз айына дейін 8 ай бойына «тестілік» режимде жұмыс жасаған. Осы кезең ішінде қаланың барынша қауіпті аймақтары анық­талды, енді «Сергек» сол жерлерге орнатылады.

Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтанда «Сергекті» қолдану оның тиімді екенін көрсетті. Астаналық автомобилистер мен қала қонақтарының жүргізушілік мәдениетінің арқасында 2017 жылмен салыстырғанда, жолдағы өлім екі есе төмендеді. Астана жолдарында егер 2017 жылы ЖКО 60 адам көз жұмса, 2018 жылы 34 адам қайтыс болған.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *