«Виктория», «Калифорния» және «В» келе жатыр

15Бұларың кім тағы келе жатқан? — деп қалмаңыздар, бұл – күз, қыс айларында жиі мазамызды алып, көзімізден жас парлатып, тынысымызды тарылтып, тіпті, кей жағдайда төсекке таңып тастайтын маусымдық тұмау ауруларының «аты-жөні».

Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орта- лығы ұйымдастырған жедел респираторлық вирусты жұқпалы аурулар мен тұмаудың алдын-алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысқан эпидемиолог-дәрігерлер биылғы маусымда тұмаудың А (Н2N2) Виктория, А (Н1N1) – Калифорния және В түрінің жиі орын алатынын мәлімдеді. Күз маусымы басталған қазан айынан бері Алматы қаласы бойынша 12298 адам ЖРВИ-ге шалдығып, дәрігерлік көмекке жүгінсе, 62991 адам тұмауға қарсы егілген. Егілгендердің 2359-ы – жүкті әйелдер.

Алматы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Ольга Айсаеваның айтуына қарағанда, тұмауға қарсы егілудің пайдасы бар көрінеді. Сондықтан болар, жыл өткен сайын екпе қабылдаушылар қатарының артып келе жатқандығы.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алған абзал. Аурудың алдын алмаса тұмаудан болатын асқынулар ауыр науқасқа ұрындыруы мүмкін. Жер шарында осы тұмаудан болған асқыну салдарынан жылына 250-500 адам көз жұмады, сол себепті тұмаудың алдын алуға дағдыланған жөн. Ал оның ең басты жолы – тұмауға қарсы екпе алу және күз, қыс маусымында сақтық үшін бетперде киіп жүру, – дейді Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жұқпалы аурулар дәрігері Айнұр Садықова.

Биылғы ауа райының құбылмалы мінезі де ЖРВИ-дің көбеюіне себеп болып тұрған секілді. Олай болса, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін арнайы айлық жариялап, халықты сақтық шараларымен құлақтандырып жүрген дәрігерлердің айтқанына құлақ түріп, сақтанып жүрелік.

Сақтанып демекші, жүкті әйелдер өздері тіркеуде тұратын жергілікті жерлеріндегі емханалары арқылы тұмауға қарсы тегін екпе ала алады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *