Валерий СЕЛЕЗНЕВ, «Алматы такси» компаниясының директоры: АЛМАТЫ ТАКСИЛЕРI 1-ТАМЫЗДАН БАСТАП ТАКСОМЕТРГЕ КӨШЕДI

1-тамызға дейiн шаһарымыздың барлық таксопарктерi таксометрлермен жабдықталатын болады. Сонымен қатар, такси қызметiне бiрыңғай тариф орнатылады деп күтiлуде. Болжам бойынша, таксидiң бiр шақырымының ақысы 80-100 теңге шамасында белгiленедi деп жоспарланып отыр. Бұл ж&нiнде газетiмiзге Алматының ең iрi таксопаркi – «Алматы такси» компаниясының директоры Валерий Селезнев әңгiмелеп бердi.

– Валерий Иванович, шаһарымыздың iрi таксопарктерiнiң бiрiн басқарып отырған адам ретiнде Алматының такси нарығын бүге-шiгесiне дейiн бiлесiз. Сондықтан, таксометрлерге қатысты көпшiлiктi толғандырып жүрген сауалды өзiңiзге қоюды жөн көрдiк. Қала таксилерiне таксометрлер қашан орнатылады?

– Жақында қаладағы барлық таксопарк басшыларының қатысуымен көлiк инспекциясында арнайы жиын өткен болатын. Онда барлық таксопарктердiң алдында ағымдағы жылдың 1-тамызына дейiн таксо-метрлер орнату талабы қойылды.

– Жалпы, мұндай талап осыдан 7-8 жыл бұрын бекiтiлген «Автомобиль көлiгi туралы» Заңда қойылған жоқ па едi?

– Иә, дұрыс айтасыз. 2003 жылы бұрын бекiтiлген «Автомобиль көлiгi туралы» Заңда «Такси дұрыс жұмыс iстейтiн, стандарттау бойынша өкiлеттi органмен тексерiлген және пломбаланған таксометрмен жабдықталуы керек» деп жазылған болатын. Алайда, 9 жыл өткенiне қарамастан көлiктерге таксометрлер әлi орнатылмады. Себебi, бұрын таксометрлердi сертификаттайтын компания болмады. Сонымен қатар, сол жылдары қалада таксо-парктер де жоқ болатын. Қалада 2-3 таксопарк қана бар едi. Қазiр бiр жекеменшiк компания бар. Осы компания таксометрлердi сертификаттаумен айналысады.

– Ал, бүгiнгi таңда таксометрлердi орнату бойынша жұмыс қалай жүрiп жатыр?

– Қазiргi таңда бiздiң компания ресейлiк АПЭЛ ТА-2 маркалы таксометрлерiнiң үлгiлерiн алып келiп, сынақтан өткiзiп жатыр. Жалпы, әрбiр таксопарк түрлi компаниялар өндiрген таксометрлердi орнатпақ. Мысалы, «Ок такси» таксопаркi Кореяда өндiрiлген таксометрлердi алып келiптi.

– Кореялық және ресейлiк таксометрлердiң айырмашылығы бар ма? Нелiктен таңдауыңыз ресейлiк таксо-метрлерге түстi?

– Бiз Ресеймен кеден аясындағы одақтас республикалармыз. Сондықтан, тауарды Ресейден сатып алу бiзге тиiмдiрек. Және, ең бастысы, ресейлiк таксометрлер толық тексерiлген, сертификатталған, барлық әлемдiк стандардтарға сәйкес келедi. Бағасы да қымбат емес. Сондықтан, таксопарктердiң көбiсi ресейлiк таксометрлердi орнатайын деп отыр.

– Таксометрлер қанша тұрады?

– Бағалары әртүрлi. Ресейлiк таксометрлер 10-12 мың теңге, корейлiк таксометрлер 30 мың теңге шамасында тұрады.

– Аса қымбат емес екен ғой. Таксометрдiң бағасы 400-500 мың тұрады деп естiген едiм…

– Иә, бұрын таксометрлер осы бағаның шамасында болатын. Сондықтан, таксопарктердiң қалтасы мұндай бағаны көтере алмады. Таксометрлердiң орнатылмауының басты себептерiнiң бiрi де осы едi.

ТАКСИДIҢ БАҒАСЫ 1 ШАҚЫРЫМЫНА 80 ТЕҢГЕДЕН 100 ТЕҢГЕГЕ ДЕЙIН БОЛАДЫ

– Таксометрлер енгiзiлгеннен кейiн таксидiң ақысы қандай болмақ?

– Таксидiң бағасы бiр шақырымына 80 теңгеден 100 теңгеге дейiн болады.

– Тариф барлық таксопарктер үшiн бiрыңғай бола ма?

– Иә, тариф барлық таксопарктер үшiн бiрдей болады. Бұл таксопарктерге де, жолаушыларға тиiмдi.

МУНИЦИПАЛДЫ ТАКСОПАРК КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТАКСОПАРКТЕРГЕ БӘСЕКЕ БОЛМАЙДЫ

– Шаһарда муниципалды таксопарк ашылады деген әңгiмелер жиi айтылатын болды. Мұндай таксопарк ашылса, ол коммерциялық таксилерге бәсекелес бола ма?

– Муниципалды автобус паркi туралы бiлемiн. Қазiр мұндай парктердiң бiрi жұмыс iстеп те жатыр. Ал, муниципалды таксопарктiң ашылатыны жөнiнде естiмеппiн. – Бұл жөнiнде қала басшысы Ахметжан Есiмов экологиялық форумда айтқан болатын. Ол автобус және таксопарк басшыларын табиғи газға ауыстыру жұмыстарын бастауға шақырып, әрекет болмаған жағдайда, әкiмдiкке газбен жұмыс iстейтiн муниципалды таксопарк құру қиынға соқпайды деген болатын. – Жалпы, муниципалды таксопарк ашылса да, ол коммерциялық таксилерге бәсекелес болады деп ойламаймын. ;йткенi, Алматы – алып шаһар. Тұрғылықты халқы к6п, келiп-кетер адамдары тағы бар. Сондықтан, таксиге сұраныс әрқашан болады.

– Автокөлiктердi газға ауыстыру жұмыстары қалай жүрiп жатыр?

– Көлiктердi газға ауыстыру жоспарда бар. Бұл жоспарды ақырындап жүзеге асырамыз. Алдымен, тиiстi инфрақұрылым салынсын. Қалада газ құю стансалары жоқтың қасы. Әуелгi кезекте, қала газ құю стансаларымен қамтылсын, сосын к6лiктердi газға ауыстырып аламыз. Бұл қиын шаруа емес.

ТАКСИ ГАЗҒА АУЫСҚАННАН КЕЙIН АҚЫСЫ АРЗАНДАУЫ МҮМКIН

– Көлiктер газға ауысқаннан кейiн таксидiң қызметiне төленетiн ақы төмендей ме?

– Бұл сұраққа дәл қазiр нақты жауап бере алмаймын. Арзандауы әбден мүмкiн. Себебi, газ арзан отын ғой. Уақыт келе к6ре жатармыз.

– Ал, қазiр такси қызметi қалада қанша тұрады?

– Әртүрлi. Бiрыңғай тариф жоқ. Орташа есеппен алғанда сағатына 1400-1800 теңге. – Бұл қымбат қой. Әрбiр адамның қалтасы көтере бермейдi. Мысалы, жекеменшiк таксилермен 300-500 теңгеге қаланың кез-келген б6лiгiне жетiп алуға болады. Нелiктен, таксопарктердiң бағасы соншалықты қымбат? – Таксопарктер қауiпсiздiк шараларына қомақты қаржы жұмсайды. Сондықтан, баға жеке такси жүргiзушiлерiне қарағанда бiршама жоғары. Мысалы, жол ережесi бойынша, такси әрбiр жарты жыл сайын техникалық тексерiстен 6туi керек. Сонымен қатар, жүргiзушiлер күнделiктi жұмысқа шығар алдында және жұмыстан кейiн медициналық тексерiстен 6туi керек. Бiз осының бәрiн қадағалап отырамыз. Ал, жеке такси жүргiзушiлерi мұндай шараларды жүзеге асырмайды.

ТАКСИ ЖҮРГIЗУШIЛЕРIНIҢ ОДАҒЫ ҚҰРЫЛМАҚ

– Такси жүргiзушiлерiнiң одағы құрылады деп естiп жатырмыз. Бұл рас па?

– Барлық таксомоторлы парктер қосылып, такси жүргiзушiлерiнiң одағын құруды жоспарлап отырмыз. Осы одақты құру арқылы к6п мәселенi шешкiмiз келедi. Оның iшiнде, жекеменшiк такси жүргiзушiлерiмен күрес мәселесi де бар. Алайда, қазiргi уақытта одақтың алдында тұрған басты мәселе – жүргiзушiлердiң қауiпсiздiгi. Бiз қызметкерлерiмiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, қазiр Үкiметке хат дайындап жатырмыз. Нақтырақ айтқанда, осы хат арқылы Үкiметтен такси жүргiзушiлерiне қауiпсiздiк белбеуiн тақпауына рұқсат берiлуiн сұрамақпыз.

– Қауiпсiздiк белбеуiн тағу – қауiпсiздiктiң бiр шарасы емес пе. Нелiктен, оны тағудан бас тартып отырсыздар?

– Соңғы уақытта такси жүргiзушiлерiне шабуылдар к6бейiп кеттi. К6п жағдайда, жүргiзушiлердiң 6лiмiне дәл осы белбеу себеп болады. Себебi, белбеу тағып отырған жүргiзушi тойтарыс бере алмай қалады. Сондықтан, бiз қауiпсiздiк мақсатында қауiпсiздiк белбеуiн тағуға қарсымыз.

– Алматыда қанша таксопарк бар және онда қанша жүргiзушi жұмыс iстейдi?

– Бүгiнгi таңда қалада штаттық саны 640 к6лiк құралдарынан тұратын 14 ресми таксомоторлы парк жұмыс iстейдi. Онда 740 жүргiзушi жұмыс iстейдi. Бiз тек тұтынушыларымыздың ғана қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп қоймай, сонымен қатар, қызметкерлерiмiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуiмiз керек. Авток6лiк – үлкен қауiп-қатердiң құралы. Сондықтан қауiпсiздiкке ерекше мән беруiмiз керек.

– Әңгiмеңiзге рахметө

Сұхбаттасқан – Әйгерiм САУЫТБЕК.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *