Украин азаматтығын алғыңыз келсе, украин тілінен емтихан тапсырасыз

Мемлекеттік қызметшілер жеңілдікпен баспана алады. Келесі жылы мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа тәртібі енгізіледі.

Францияда мектеп оқушыларына смартфонды пайдалануға тыйым салынды.

Семейдегі көз көру қабілеті нашарлағандарға тегін такси қызмет етеді.

1 шілдеден бастап Эстонияда қоғамдық көлікте жүру тегін болады.

Марстан органикалық молекула табылды.

Педиатрлардың айтуынша, балалар ауруының 88 пайызы ауа-райының өзгеруіне байланысты болатын көрінеді.

Адамдар қызыл еттен бас тартса ішек рагы азаяды екен.

Еліміздің онколог дәрігері етті аз жеу керек екенін айтты. Оның ішінде қызыл етті.

Қазақстанның халықаралық резервтері жыл басынан бері 1,4 есе өсті.

Қазақстан Қытайға сиыр етін экспорттайды.

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша ашылды.

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегіне дайындық кезінде аяғынан жарақат алды.

Британиялық психологтар әлеуметтік желілер әйелдерді сенімінен айыратынын анықтады.

Ақтөбеде жұмыссыздар мен зейнеткерлер компьютерді тегін үйреніп жатыр.

Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда бірінші рет отандық педиатрия орталығында көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан 4 балаға ота жасалды.

Ресейде жарты ғасыр бойы үй аламын деп жиған ақшасын зейнеткер Е.Попов «Гаврош» балалар үйіне аударып жіберді.

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрон­дық үкімет порталы арқылы онлайн ауыстыра алады.

Бұдан былай Астанадағы жедел жәрдем көліктері жаппай сары түске боялады.

1 маусымнан бастап Астанадан Лондонға әуе кемесі күнделікті ұша бастайды. Билет құны – 211,7 мыңнан басталады.

Футболдан әлем чемпионатының ең арзан билет құны – 70 доллар, ең қымбаты – 250 доллар тұрады.

Чемпионат 14 маусымнан 11 шілдеге дейін Ресейдің 11 қаласында өтеді.

Соңғы 7 жылда Сирия халқы 15 пайызға азайыпты және бұл көрсеткіш күннен-күнге арта береді.

Дубайда ұшқышсыз ұшатын такси пайда болды.

Алматыдағы «Көкжайлау» шипажайының құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталады.

Украин азаматтығын алғыңыз келсе, украин тілінен емтихан тапсырасыз.

Еліміздегі барлық ЖОО кітапханалары онлайн жүйеге ауысады.

Астананың 20 жылдығына шетелдік емес, қазақ­стандық өнерпаздар қатысуы керек, – деді Қ.Тоқаев.

Таңғы аста жұмыртқа жейтіндер өзгелермен салыстырғанда тез арықтайды.

Қазақстандықтар 2017 жылы бензинге 600 млрд. теңге жұмсаған.

Шарбақтылық тұрғын Астанаға дейінгі 1000 шақы­рымды атпен жүріп өтпекші.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда оқитын балаларға қалалық бюджеттен 771,5 млн. теңге бөлу қарастырылған.

Алматыда қазіргі заман талабына сай 10 инклюзивті балалар алаңы салынған.

Қаланың 157 көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Шаһарда 9 психолог-педагогтар кабинеті ашылған.

Қалада биыл 600 аула жөндеуден өтеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *