ӘУЕЗОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алматы  әкімінің  өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігі және қала мәслихатының келісімі бойынша Сайран Сайфеденов Әуезов ауданы­ның әкімі болып тағайындалды.

С.Сайфеденов 1974 жылы 19 жел­­тоқсанда туылған. Абай атын­да­ғы Қазақ мемлекеттік педагоги­ка­лық университетін (1996 ж.), Ал­матының Үздіксіз білім универ­си­тетін (2009 ж.), Қазақ Жол қатынас­тары университетін (2012 ж.) бітір­ген. Мамандығы бойынша – заңгер, экономика және бизнес магистрі.

Жеке компанияларда, аудандар және қала әкімдігінде қызмет атқарып, тәжірибе жинақтаған. 2008 жылдан 2009 жылдың желтоқсанына дейін – Алматы қаласы әкімі апппара­тының ұйымдық-кадрлық және бақылау-инспек­торлық бөлімінің бас маманы болған.

2009 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың мамырына дейін Әуезов ауданы әкімінің орынба­сары, 2016 жылдың мамырынан 2018 жылдың мамырына дейін Наурыз­бай ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың ақпаны аралығында Алматы қаласы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орын­басары, 2019 жылдың ақпанынан тамызға дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшының орынбасары болды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *