УАҚЫТША ЖҰМЫСТАР – ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАСЫ

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы Нәти­желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңбе­рінде жұмыссыздар мен жұмыс іздеушілерге мемлекеттік қолдау­дың келесі түрлерін көрсетеді.

Жұмыс берушінің ұсынған, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды еңбекақысының бір бөлігін қаражаттандыру арқылы жұмысқа орналастырады.

Әлеуметтік жұмыс орында­рына жіберу кезінде басымдық құқық балалар ауылдарының тәрбиеле­нушілері мен балалар үйлерінің түлектеріне, зейнетке дейінгі жастағы адамдарға, мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орын­дарынан босаған тұлғаларға, жал­ғыз­бастыларға, көпбалалы ата-аналарға, жеті жасқа дейін бала күтімімен, мүгедек-баламен, бірінші және екінші дәрежелі мүгедектерге қарап отырған тұлғаларға, орал­мандарға     беріледі.

Әлеуметтік жұмыс орын­да­рында жұмыс істейтін жұмыс­сыздарға, оның ішінде міндетті әлеуметтік аударымдарға салын­ған жұмыссыз­дарға ай сайынғы жалақы мөлшері бекітілген жалақының 35%-ын құрай­ды, бірақ тиісті қаржы бір жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақыдан аспайды.

Әлеуметтік жұмыс орын­дарын ұйымдастыру туралы өтінімдерді олардың меншік нысанына қарамас­тан ұйымдар ұсынуы мүмкін. 12 ай ішінде қатысушы ұйымда жұмыс дағды­ларын меңгереді және одан кейін бір ұйымда тұрақты жұмысқа орналаса алады.

Қоғамдық жұмыстар бойынша жұмысқа орналастыру. Өңірлер үшін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тиімділігі бар жұмыс­сыз­дарды уақытша жұ­мыс­­пен қамта­масыз ететін қыз­мет­керді кәсіби даярлауды қажет етпей­тін  және жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қам­тамасыз ететін жұмыс орын­дары болып табылады. Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық ұйымдарына аумақты таза­лауға, құрылысқа қатысуға, тұрғын үй құрылысын қайта қал­пы­на келтіруге және тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге, өңірлік қоғамдық компа­ния­ларды өткізуге, қарттар мен мүге­дектерге қамқор­лық жасауға, бала­лар­мен жұмыс істеуге және әлеу­меттік қызмет­терді көрсетуге байла­нысты өзге де жұмыстарға көмектесу үшін жұ­мыс түрлеріне бөлінеді. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдасты­руға өтінім­дерді қорғаныс ведомство­лары, мемлекеттік кіріс бөлімдері, соттар, ішкі істер бөлімдері, Қазақ соқырлар қоғамы, Қазақ мүгедек­тер қоғамы сияқты мемлекеттік және жеке меншік нысандары бар ұйымдар мен кәсіпорындарға ұсыныс береді. Қоғамдық қызмет­ке қатысушының еңбегіне ақы төлеу айына ең төменгі жалақы­ның 1,5 мөлшерін құрайды. Қо­ғамдық жұмыстарға қатысу құқы­ғы: жұмыссыздарға, оқудан бос кездерінде студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің 16-дан кем емес  жастағы жоғары сынып оқушыларына  және жұмыс уа­қы­тынан тыс жұмыспен қамта­ма­сыз етілмеген тұлғаларға беріледі.

Қоғамдық жұмыста апаттар­дың, дүлей апаттардың, зілзала­лардың және басқа да төтенше жағдай­лардың салдарын шұғыл түрде жою қажеттілігіне байла­нысты іс-шаралар қамтылмайды.

Жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналастыру. Алған маман­дығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алу үшін арнайы дайындалған және оқу аяқталған­нан кейін 3 жыл ішінде және жиыр­ма тоғыз жастан асқан жастарға арналады.

Түлектер жастар тәжіри­бесі­нен қалалық ұйымдардан, оның ішінде Алматы қаласы әкімдігі құрылы­мына кіретін Департа­мент­тер мен басқармалар, аудан­дық әкімдіктер­дің құрылымдары, Мемлекеттік кіріс басқармасы, сондай-ақ, жеке фир­ма­лардан тәжі­рибеден өтеді. Мұндай ұйым­дарда өткен жұмыс тәжірибесі жас маманның келешектегі мансабы үшін жақсы негіз болып табылады.

Д. ИМАНҚҰЛОВА,

Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *