Уақытша ауыз су болмайды

Cу құбырында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты Медеу ауданының бірқатар бөлігінде уақытша ауыз су болмайды.

6 қараша күні сағат таңғы 08.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін:

Медеу  ауданында орналасқан Гоголь – Бәрібаев – Қарасай батыр – Қалдаяқов көшелері шаршысындағы тұрғын үйлер мен нысандарда ауыз су болмайды.

Ауыз судың уақытша тоқтатылуы D=200 мм., D=250 мм. су құбырындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты.

Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына жақын орналасқан денсаулық, білім мекемелері су тасығыш көліктері арқылы сумен қамтамасыз етіледі.

Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефон нөміріне хабарласып, білуге болады.

Тұтынушылардан уақытша келтірілген ыңғайсыз­дықтарға  түсіністікпен қарауды сұраймыз.

 

«Алматы су» МҚК баспасөз қызметі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *