Уақыт көшінен қалмаймыз

Бостандық ауданына қарасты М.В.Ломоносов атындағы №38 Қазақстан–Ресей гимназия­сында қалалық Білім басқарма­сының қолдауымен және  «Қа­лалық әдістемелік кабинет» ғылыми-әдістемелік зертхана­сымен,  Педагогикалық шеберлік орталығымен  бірлесе отырып, гимназия директоры Гүлжан Досаеваның бастамасымен «Жаңартылған білім беру жүйесі, тәжірибедегі өзгерістер» атты тақырыпта орыс тілінде оқы­тылатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған қалалық ғылыми-әдістемелік  семинар өтті.

Мақсаты – жаңартылған білім беру жүйесі бойынша қа­зақ тілі сабағын тиімді жоспар­лау, тәжірибедегі өзгерістермен бөлісу, мұғалімдердің өзгерістер бойынша тұжырымдамалық түсініктері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге ықпал ету. Оған Алматы қаласының 8 ауданынан 80 адам қатысты. Қалалық ғы­лыми-әдістемелік семинарға Педагогикалық ше­берлік орталығынан Зухра Жүз­баева, қалалық әдістемелік қазақ тілі каби­нетінен Карима Мадалимова арнайы шақы­рылды. Келген қонақтар өздерінің ойлары­мен, семи­нардан алған әсерлерімен  бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мазмұ­нына сәйкес №38 Қазақстан– Ресей гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Ж.Бек­босы­нова, Б.Баяндиева, А.Беке­това, С.Кужакова, Р.Кә­дір­бек шеберлік сыныптарын өт­кізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті және Г.Бер­ді­қо­жаева, Б.Бұланбаева, А.На­либаева, А.Өтеулиева 1,5,7-сыныптар аралығында ашық сабақтар көрсетіп, оқушы­лардың тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдылары­ның дамуына ықпал етті.

Міне, күн санап өзгеріп жатқан осынау дүбірлі дүниеде осылай заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіре білуіміз қажет.

 

Айжан БЕКТОВА,

№138 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *