Уәлиханов көшесіндегі 14 дүңгіршек бұзылды

Мегаполисте заңсыз дүңгіршек­терді бұзу жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жұмада қаладағы Уәлиханов көшесінде орналасқан «Tussa» ЖШС-ға тиесілі 14 стацио­нар­лық емес сауда нысандары жермен-жексен етілді.

Соның ішінде 7 қаланы көріктендіру қағидаларына, өрт сөндіру, санитарлық-эпидемиологиялық және қауіпсіздік талап­тарына сай келмеген. Айта кету керек, жергілікті әкімшілік қызметкерлері заңсыз кәсіп иелеріне осыған дейін бірнеше ескерту жасап, дүңгіршек иелерімен олардың әреке­тінің заңсыздығы туралы түсіндіру жұмыс­тарын жүргізген. Жалпы, рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу туралы шешім үстіміздегі жылдың 1 ақ­панында қаланың ауданаралық маман­дандырылған экономи­калық соттың шешіміне сәйкес жүзеге асырылды.

 

Н.АСЫЛ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *