«Ұтысқа кітап тіксеңіздер ұтасыздар»

«Алматы ақшамына» жазылу басталғалы бері редакцияға оқырмандар жиі телефон шалып, өз ой-пікір, ұсыныстарымен бөлісуде. Жыл сайын оқырмандар бәйгесін ұйымдастырып, бес шипажайға жолдаманы ұтысқа тігу биыл да жалғасып жатқан тұста басылымға Нұржауар атты оқырманымыз хабарласып, өз ойымен былайша бөлісті.

– Айналайын «ақшамдықтар», бұл газеттің маған өзі де, сөзі де ұнайды. Тілшілер тапқыр, ұтқыр. Өте ұшқыр, байыпты, байсалды жазады. Мәселені нақты, дерек­пен жазатыны ұнайды. Шыны керек, басы­лымның әр санын кәдімгідей күтіп отырамын, – дей келе, – оқырмандарға жылда бәйге жариялайсыздар. Әрине, бұл «бақ шаба ма, бап шаба ма»-ның шаруасы ғой. Өздеріңіз айтқандай, одан ұтсақ та, ұтпасақ та ұтылмаймыз. Менің бір ұсынысым бар. Ұтысқа кітап тігілгені де жөн болар еді. Меніңше, қазір қоғамда кітапқа сұраныс, кітап оқу байқалады. Интернет, әлеуметтік желі өне бойы керек болмайды. Бұдан былай 50–60-тан асқан адам­дардың жан серігі – кітап, газет-журнал бола береді. Себебі, интернеттен де жұрт жалыға бастады. Айтпағым, ұтысқа кітап тіксеңіздер, ұтасыздар. Кейінгі уақытта Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбай, Ә.Нұрпейісов сияқты жазушы­лардың есімін ұлықтаумен қатар, олардың жаңа кітаптары шығып жатқанынан да хабардармыз. Алайда, сол құндылықтарға қолымыз жетпейді. Өйткені, кітап бұрынғыдай көп данамен басылып, ол кітап дүкендерінің бәріне түсе бермейді. Осы жағын ойластырсаңыздар екен.

Р.S. Нұржауар ханым, сізге нұр жаусын! Өте құнды пікір айтып отырсыз. Біз алдағы уақытта бәйге қорытындысында белсенді оқырмандарымызға арнайы сыйлық ретінде кітап сыйлайтын боламыз. 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *