Тың бастамалар қуантып отыр

Әміржан НӘБИЕВ, қалалық мәслихат депутаты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясаты Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдарынан бергі қол жеткен табыстары мен құндылықтарын нығайтып, Ұлт жоспарын жүзеге асыруды жалғастыруға бағытталған.

Президент Жолдауда негізгі басым­дықтарды белгілеп, әлемдік экономикалық, саяси және рухани дағдарыс жағдайындағы ел тағдырын тығырықтан алып шығудың нақты жолдарын ұсынып отыр. Оны Қазақ­стан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған Жолдауы­нан көруге болады. Жолдау – өз уақытында барлық әлеуметтік-экономикалық және Қазақ­станның саяси дамуын жүзеге асыруда мемле­кеттік органдар­дың міндет­тері мен жауапкер­шілігін арттыру болып саналады. Президент өз Жолдауында Елбасының Ұлт жоспары мен 5 институ­ционалдық рефор­масының толық жүзеге асырылатынын назардан тыс қалдырмады.

Мемлекет басшысының Жолдауы – дамудың ішкі векторының негізгі жолдарын анықтап, оған түзетулер енгізетін ішкі саяси мәні зор оқиға. Президент осы мақсат жолында халықты ойлан­дыратын барлық қажетті шешімдерді қабылдауға мемлекеттік билік өкілдерін жұмылдыра отырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясына көшу жөнін айтып өтті. Мемлекет басшысы халықтың мұқтажына жіті қарап, оның ашықтық сипат алуына қоғамдық диалогтың басымдық көрсететінін де атап өтті.

Бүгіннің өзінде белгіленген міндеттерді орындау үшін партия тарапынан да және қалалық билік жағынан да жан-жақты жұмыстар қолға алынуда. Осы мақсатта әкім аппаратының қоғамдық қабылдау жанындағы халықпен тура және оған жауап қататын «Open Almaty» құрылы­мының жұмысын атап өтуге болады. «Мобильді халыққа көмек» жобасы да іске қосылған. Орталықтан шалғай­да орналас­қан орындар мен халық көп жиналатын базарларда және вокзалдарда мемлекеттік органдар мен депутаттар тарапы­нан 1300 адам қабылданып, көтерілген мәселелер бойынша оның 67 пайызы шешімін тапты. Депутаттардың жетекшілігімен әлеу­меттік және инженерлік инфрақұрылым­дар­да партиялық бақылау жүргізу үшін 60 бақылау бекеті ұйымдастырылды.

Бюджет ашық әрі транспарентті болуы керек. Сондықтан «Бюджетке қатысу» жобасы іске қосылып отыр. Осыған сай әр ауданға 500 млн. теңге босату жоспар­ланған. Оны аудан тұрғын­дары өздері жағдайларына қарай бөлетін болады. Қалалықтар өздерінің тұрмыстық жағдай­ларын жақсарту үшін және күнделікті туындап отырған мәселерді шешіп, өздері тұратын шағын аудан­дарын абаттандыруға жұмсай алады. «Nur Otan» партиясы филиалы жанынан әлеуметтік-экономи­калық мәселе­лер­ді қарайтын Азаматтық комитет құру қарастырылған.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімдері мен барлық қалалық басқарма жетек­шілеріне Ашық есік күндерін өткізіп, тұрғын­дармен тұрақты кездесулер өткізу тапсырылған.

Жолдауда жаңа бағдарлар бар. Енді мем­лекеттік органдарды, сондай-ақ аза­мат­тық қоғам өкілдерін бұл процеске белсенді түрде тарта отырып, алға қойылған міндеттерді табысты іске асыру үшін барлық ұйымдас­тырушылық қағида­лар мен басқа да қажетті жағдайларды жасаудың маңызы зор.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *