Туыс елдің студент-спортшылары Универсиадаға шақырылды

Шаһар басшысы Өзбекстан елшісін қабылдады

idi_2084

Нұрлан СҮЙІН

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Икром Назаровпен кездесті. Кездесу барысында түрлі саладағы серіктестіктер сөз болып, Алматы қаласының әкімі Өзбекстан спортшыларын Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарына қатысуға шақырды.

– Универсиада, бұл – Олимпиада ойындарынан кейінгі үлкен әлемдік спорттық шара. Бүгінгі күнге дейін Алматыда өтетін «Универсиада-2017» Қысқы ойындарына қатысуға әлемнің 57 мемлекеті өтініш білдірді. Бұл Универсиада ойындары тарихында ең үлкен көрсеткіш. Біз ойындар үшін заманауи инфрақұрылым жасадық, енді Алматыны қысқы спорт түрлерінің орталығына айналдырғымыз келеді. Бүкіләлемдік студенттік ойындар – әлемнің әр түк­пірінен келетін жастарға біздің туристік әлеуетімізді көрсете алатын мүмкіндік, – деді Б.Байбек.

Тараптар бұдан өзге, сауда-эконо­микалық, мәдени-гуманитарлық байланыс­тарды күшейту мәселесін сөз етті. Шаһар басшысы Алматыда 137 бірлескен кәсіп­орын жұмыс істейтінін, биылғы тауар айналымы 42 пайызға өскенін атап өтті.

– Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі, бизнес пен шикізатқа тәуелсіз жеке капиталдың қаласы. Биыл қала нарығына 10-нан аса трансұлттық компаниялар келді. Өзбекстан тарапымен азық-түлік саласы бойынша серіктестікке үлкен мүмкіншілік бар. Біздің азық-түлік нарығы 1 млрд. АҚШ доллары шамасында, – деді Б.Байбек.

Өз кезегінде Өзбекстанның Қазақ­стандағы елшісі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Алматыдағы мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан көпқа­батты үйлердің бір подъезін Өзбек­станнан шығатын тұрмыстық техникамен жабдық­тауға ұсыныс жасады. Бұдан өзге, Уни­версиада кезінде қызмет көрсетуге бірнеше өзбекстандық автобустар ұсынды.

– Осылай жасасақ, алматылықтар Өзбекстанда жасалатын өнімдердің сапа­сын бағалай алады. Бізде жылына 18 млн. данаға дейін былғары аяқ киім шығары­лады. Осыған орай, Алматыда бірлескен өндірісі бар сауда орталығын ашуды жоспарлап отырмыз, – деді И. Назаров.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *