ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

Наурызбай ауданындағы Ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымдары арасында өткен бұл байқау жас ұрпаққа туған жерді сүюдің, ұлтымыздың  рухани құндылықтарын  бағалаудың озық үлгісін танытты

img_7037

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Қарттар қазына деген сөз төркінінің тереңдігіне Наурызбай ауданындағы   биылғы оқу жылында ғана пайдаланылуға берілген №174 мектептің шаңырағында өткен аудан әкімдігі аппаратының Арда­герлер кеңесі мен «Нұр Отан» пар­тиясы  аудандық  филиалының қол­дауымен «Ақжар», «Қалқаман», «Қарағайлы», «Таусамалы» ықшам­аудандары  ардагерлер бастауыш ұйымдары арасында   өткен  «Туған жерге тағзым» атты байқау  аясын­да ұйымдастырылған көрме бары­сында көз жеткіздім.

Көрмеге қойылған әжелеріміз бен аталарымыздың қолөнер туындылары мен кешеден бүгінге жеткен тұрмыстық бұйымдары көздің жауын алады.  Заман ағымына қарай бүгінде қолданыстан шығып қалған текемет, сырмақ, кестелеп, шілтерлеп тоқылған жастық пен  төсекке арналған  жапқыштар, сонау  отызыншы жылдары қолданылған алғашқы іс маши­налар, шоқпен қыздырылатын үтіктер,  көненің көзіне  айналған   жез самаурын, келі-келсап,  ағаштан жасалған бұйымдар  байқауды тамашалауға келген аудан тұрғындарының назарын аударды. Көрме әр ықшамауданның таңдап алған тақы­рыбына сай ұйымдастырылған.  Туған жерін сүйе алмаған адамның туған елін сүйе алмайтындығын дәлелдеуге тырысқан аудан қарттарының бұл байқауының  тағылымы   мен  тәрбиелік мәні көп болды.

Байқау аудан әкімінің орынбасары Балтөре Пірәлиев пен аудандық Арда­герлер  кеңесінің төрағасы Мәдениет Кәркенов ақсақалдың құттықтау  сөз­дерімен ашылды.  Аудан әкімінің орын­басары өз сөзінде  әкімдік пен аудандық әлеуметтік сала бөлімі бойынша осы Қарттар айлығы барысында өткізілген іс-шараларға, ауданда тұратын жалғызілікті қарттар мен Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне жасалған қайырымдылық   және  жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында аудан қарттарының қатыс­тырылуымен өткен  іс-шараларға тоқталып, сондай тәрбиелік мәні зор шараның бірі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында өткізіліп отырған «Туған жерге тағзым» атты осы байқау  болып отырғанын атап өтіп, оған қатысушы ықшамау­дандардың  ардагер­леріне сәттілік тіледі. Байқаудың сахнасына бірінші болып өнер көрсетіп, өздері тұратын ықшам­ауданның тарихын, ондағы берілген көше атауларына қысқаша шолу жасап, ел мақтанышына айналған азаматтарын дәріптеу  мақ­сатында  «Туған жерге туың­ды тік» атты тақырыпта «Ақжар», «Туған елің қымбат»  тақырыбы бойынша «Қал­қаман», «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өл­кем» тақырыбымен  «Қарағайлы» ықшам­ау­даны,  одан кейін ата жұрт – алтын бесігін таныстыр­ған «Тау­самалы» ықшамауданы шықты. Әр аудан байқау шарты бойынша өз аудан­дарының бар байлығын әділ­қазылардың таразысына салып, ауданның мерейін арттырып жүрген аудан азаматтарын, қоғам қайраткерлерін, еліміздің дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері мен белгілі азаматтардың аттарына берілген көшелерін, әр ықшамаудан өміріндегі жаңалықтар мен жақсылықтарды  халыққа жария еткен бұл байқауда  ауыл ақсақал­дары мен ақ жаулықты аналарымыздың  бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағаттары, үлгілері аз болған жоқ.  Байқауды тамашалауға келген аудан тұрғындары құрылғанына үш жыл ғана толған аудандағы әр ықшамау­данының тарихы тереңде жатқанын, оның қой­науының рухани кенге бай екендігіне көздерін жеткізіп,   туған жерлеріне деген құрметтерін арттырды. Байқау қорытын­дысы  бойынша, бірінші орынды «Қара­ғайлы»,  «Таусамалы» ық­шамаудандарының ақсақалдар бастауыш ұйымы, ал екінші орынды «Қалқаман», үшінші орынды «Ақжар» ықшамауда­нының белсенді қарттары жеңіп алды. Жеңімпаздар аудан әкімдігінің  және аудандық Ардагерлер  кеңесінің  Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен  марапатталды.

Байқаудың басты мақсаты – жеңімпаз атанып,  мақтауға ие болу емес, тарихи құн­дылықтар негізінде жергілікті халықтың патриоттық сезімдерін оятып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, өнегелік мұраттарын сақтау, өздері тұратын ауылына деген жанашарылық­тарын арттыру  еді. Жақында ауданымызға Елбасы арнайы келіп,   ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды  жақсы бағалап, ақ батасын беріп кетті. Елбасының батасын алған Наурызбай ауданының болашағы  кемел болатындығына сенімдімін, – дейді байқауды ұйымдастыруға ұйытқы болған  аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, осы ауданның көшелі, ақылшы ақсақал­дарының бірі Мәдениет Кәркенов.

Шынайы патриотизмнің  маңызды  көріністері – туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне  айрықша атсалысу  осындай ұлағатты іс-шаралардан бастау алатын шығар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *