ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Күйеубаламыз Ерлан Қапсалямовты ердің жасы елуге толған мерей­тойымен құттықтаймыз!

Ер мінезді, жаны жай­саң, кеңпейілді қал­пыңнан таймай елу де­ген еңселі жас­тың та­балдырығын абырой­мен аттадың. Басың аман, бауырың бүтін, төрт құбы­лаң түгел болып, асқаралы ал­пыс­­тан асып, жетпіс жастан жарқырап өтіп, сексеннің сеңгіріне шығып, тоқсанға келіп әулетіңнің абыз ақса­қалы, ел-жұртыңның қадір­менді қариясы бол! Ұрпағың өсіп-өніп, өркендеп, солар­дың ортасында мерейің тасып, абыройың асып, жүзге келген жасыңды үрім-бұтағың ұлан-асыр тойға айналдырсын!

 

Құтты болсын, елу жасың еңселі,

Жығылмасын өмір кеме желкені.

Әрқашан да үстем болып мерейің,

Жарқын болсын ұрпағыңның ертеңі.

Асқақ болып азаматтық келбетің,

Өсіп-өнсін рулы ел боп әулетің.

Абыройыңды аспандатып асырсын,

Қос қанатың, Сандуғаш пен Дәулетің!

Ошағыңның оты сөнбей лауласын,

Шаңырағыңа бақ-береке орнасын.

Тілегіңді қабыл етіп бір Алла,

Арман құсың биіктерге самғасын.

Бақыт таңы арайланып атқанда,

Куә болып ең ғажайып шақтарға.

Толқынменен қол ұстасып төрде отыр,

Жүзге келген тойың болып жатқанда!

 

Игі тілекпен құттықтаушылар –

Кіршібаевтар, Жаппасовтар әулеті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *