«ҚҰТТЫ МЕКЕННІҢ» ҚҰТ МЕКЕНІ

«Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» атты партиялық жобасының қолға алынғанына көп бола қойған жоқ. Аталған жоба аясында Бостандық ауданында биылғы жылы

4 мектеп жөндеуден өтуде. Соның бірі – №125 мектеп-гимназиясы. Таяуда осындағы құрылыс жұмыстарының барысын байқап-бақылау мақсатында «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Алтай Рахымбетов құрамында аудандық білім бөлімінің, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшылары және «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалының өкілдері бар комиссия мүшелерімен бірге мектеп-гимназияны аралап шықты.

Құрылысты Ертіс Бұтабаев басқаратын «Еділ-Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоспар (бекітілген кесте) бойын­ша жыл аяғына дейін аяқтауға тиіс болса да, 1 желтоқсан – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті күніне аяқтаймыз деген нық сенімде.

Ат шаптырым аймаққа орналасқан 3 қа­батты еңселі мектептің ауласындағы қураған ағаштарды кесіп-реттеуді аудан әкімі коммуналдық шаруашылық пен көгеріштендіру бөлімдеріне қатаң тапсыр­ды. Әрбір бөлмені, барлық сыныптарды асықпай аралап шыққан Алтай Ерғазыұлы құрылысшыларға біршама ескерту-нұс­қаулар бергенімен, жалпы жүргізіліп жатқан жұмыстарға ырзашылығын білдірді. Спорт залының еденіне төселген тақтай­лардың тегістігін де тексеріп көрді. Екінші қабаттағы мәжіліс залы жап-жарық, ашық түсте әрленген, сахнасы кең де биік. Асхана мен астыңғы қабаттағы қосымша кабинеттер де көңіл көншіткендей. «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында бұл мектеп оқушылардың құт мекеніне айналатынына көзіміз анық жетті.

 

Байғали Әбдәліұлы,

«Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің кеңесшісі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *