Трамп вирустан көз жұмған 200 мың американдықтың өлімін «жақсы» сценарийге теңеді

Егер АҚШ үкіметі  коронавирустың таралуына қарсы тиісті шараларды дер кезінде   қабылдамағанда  екі миллионнан астам американдықтар көз жұматын еді, сондықтан да   COVID-19  індетінен   100 ­­- 200 мың адамның қайтыс болуы — салыстырмалы түрде алғанда жақсы көрсеткіш, — деп мәлімдеді АҚШ президенті  Дональд Трамп жексенбі күні өткен баспасөз мәслихатында. Бұл туралы  РИА Новости ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлады.

«Егер біз  өлім-жітім санын  100-200 мың адамға  дейін шектей алсақ, бұл біздің жақсы жұмысымыздың нәтижесі», — деді  Трамп. Оның айтуынша, кейбір болжамдарға сәйкес, өлім көрсеткіші 2,2 миллион адамды  қамтуы мүмкін еді.

Ақ үй басшысының мәлімдегеніндей,  АҚШ-тағы  коронавирус індетінен  болатын өлім-жітім көрсеткіші екі апта ішінде өз шыңына жетуі мүмкін, ал, оның тұжырымдауынша,  ел бұл  пандемиядан кейін 1-маусымнан бастап қана қалпына келе бастайды.

Дональд Трамп  сонымен қатар коронавирустың таралуына қарсы шараларды 30-сәуірге дейін ұзарту қажеттігін айтты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Ақшам-ақпарат» хабарлағандай, АҚШ  індет жұқтырғандар саны жағынан  әлем бойынша  алдыңғы қатарда келеді. Елде  індет жұқтырғандар саны – 139,217 адам, қайтыс болғандар – 2,445 адам.

 

                                                                                       «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *