Топ басында – тоғызқұмалақ

1115Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін ұлттық спорт түрлерінен республикалық турнир басталды. Бұл сында алматылықтардың алдыңғы лекте болары сөзсіз.

Айнабай МӘДИ

– Бұл жолы «Динамо» спорттық кешені базасында Алмалы ауданы әкімінің аппараты  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, осымен бесінші рет аталған шараны қолға алды. Мақсат – жас ұрпақты   салауатты өмір салтын сақтауға  шақыру, халықтық, ұлттық спорт түрлерін насихаттау, – деді бізбен әңгімесінде Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова.

Бұл жарыстың тізіміне халықтық, ұлттық спорттың 9 түрі кіріп отыр. Топ басында тоғызқұмалақ тұрды. Бұл спорт түріне студенттердің қызығушылығы ерекше екенін білдік. Одан арқан тартысы мен қол күресі қалыспады. Тымақ ұру тағы бар. Жүгірудің алысы – 1 шақырым болса,  жақыны – жүз метр.

Валейболдан командалық жарыстың бәсекесі де қызды. Сабағы аяқталып, сынағын тапсырған студенттердің белсенділігі басым. Шаһардағы бүкіл жоғары оқу орындарының отыз пайызы осы аудан аумақтарында шоғырланғандықтан, солай болуы заңды сияқты. Спорттық сайыс қортындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімінің грамотасымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *