Толассыз жауын алматы жұртын әбігерге салды

Жаңбырдан болған су тасқынынан 24 оқиға тіркелді

Серік ЖҰМАБАЙ

 

Алматы қаласының Өңірлік коммуника­циялар қызметі алаңында қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерлан Әлібек­ұлының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда қалада орын алған нөсер жаңбыр төңірегінде мәселе көтерілді.

Ерлан Әлібековтың айтуынша, Казгидромет мәліметтері бойынша мамыр айының басында қаланың аумағында жаңбыр түрінде 76 мм. жауын шашын жауды, оның ішінде 12 мамырда – 14 мм. 13 мамырда – 11 мм.-ге, 14 мамырда түске дейін 12 мм.-ге дейін жауын-шашын болды. Ағымдағы жылдың мамыр айында ауа температурасы  160С тан  жоғары болған, бір айлық жауын-шашын мөлшері қалыптан жоғары болады деп болжануда.

12-14 мамыр аралығында жаңбырдан болған су тасқынының 24 оқиғасы тір­келген. Оның ішінде, жеке үйлерде – 5, жертөлелерде – 2, жеке үйлердің аулала­рында – 8 , көшелерде –  9 оқиға. Нақты айтсақ, Алатау ауданында – 7 оқиға, Алма­лы ауданында – 3, Әуезов ауданында – 2, Бостандық ауданында – 1, Жетісу ауда­нында – 2, Медеу ауданында – 7, Нау­рызбай ауданында – 1, Түрксіб ауданында – 2 оқиға тіркелген.

 

Су тасқынына

 тосқауыл болмай тұр

 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерлан Әлібековтің айтуынша, су тасқынының негізгі себептері аудан­дарда қалаға қосылатын арық және кәріз жүйелерінің болмауынан болып отыр. Сондай-ақ, арық жүйелерінің ластануынан (9 оқиға), каналдардың қоқысқа толып кетуінен (15 оқиға) орын алған.

Су тасқыны маусымында қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында, жеке құрам­нан жалпы саны 70 адам, 6 бірлік әр түрлі бағыттағы техникалар, 7 бірлік мотопомп, «109»  бөлімінің жеке құрамынан – 21 адам, 7 бірлік техника, әкімдіктен жеке құрамнан 36 адам  қатыстырылып, 50 дана қаптар төселіпті.

14 мамырда 8 су тасқыны оқиғасы тіркелген, олар: Алатау ауданында – 2 оқиға, көшелерді су басу – 1 (Шоссейная), аулалар бойынша – 1, (Нұрпейісов көшесі). Әуезов ауданы бойынша – Саин көшесін су басу оқиғасы тіркелді (Райымбек д. қиылысы). Бостандық ауданы бойынша 1 оқиға, Бағанашыл ы.а. Желтоқсан көшесі. Медеу ауданы бойынша – көшелерді су басудың – 3 оқиғасы тіркелді. Олар: Космодемьямская, Средняя және Қордай көшелері; Наурызбай ауданы бойынша – Жуалы көшесін су басу – 1 оқиға.

Қазіргі уақытта аталған учаскелер бойынша су тасқынын жою жұмыстары жүргізілуде. Жеке құрамнан – 20 адам, 7 бірлік техника, 4 бірлік мотопомпа, 1 бірлік су сорғыш жұмылдырылып, 30 дана қап төселді.

– Ғимараттардың құлап, жарылуы туралы оқиға тіркелген жоқ. Алматы қаласының су тасқыны мәселелері жүйелі түрде шешіліп отырады, – деп сөзін қорытындылады Ерлан Әлібекұлы.

Қазгидрометтің апталық шолуына сәйкес, сейсенбі, сәрсенбі күндері жаңбыр жаумайды, ал бейсенбі және жұма күндері жаңбыр жауады деп күтілуде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *