«Толағайлар» топ жарды

Рая ЕСКЕНДІР

 

Алатау ауданындағы №152 мектеп-гимназияның шаңырағында «Отбасы – рухани жаңғыру негізі» аясында «Толағай» отбасылық спорттық сайыс өтті.

Мектептің бесінші сыны­бында оқитын кішкентай спорт­шылар «Қыран», «Бүркіт», «Тұл­пар», «Барыс» болып топтарға бөлінді. Барлық «толағайшы­ларды» мектеп басшысы Рима Сабыржанқызы құттықтап, салауатты өмір салтын қалып­тастыру отбасы­нан бастау алатынын айтып, ұзақ өмір сүру мен денсау­лықтың кепілі спорт екендігіне тоқталды.

Осыдан соң спорттық сайыс басталып, 5 «г» сынып Сапар­баевтар отбасы, 5 «б» сынып Құрманбековтер отбасы, 5 «г» Бақыт Қалапбергенова, Рано Мұхиддинова, 5 «к» Омаровтар, Шолпан Қошақанова өздерінің шеберліктерін сынға салды. Жарысқа қатысушылар қасық­пен су тасып, ептіліктерін көрсетсе, жұмыртқа ашып та жылдамдықтарын танытты. Жіппен секіру, доппен жүгіру, биіктікке ұмылу, т.б. ойын түрінен сынға түскен отбасылар жеңіс үшін тер төкті.

Осылайша сайыс қызып, отбасылар өздерінің бұдан былай да спортпен айналы­сатындарын жасырмай айтып жатты. Шыны керек, спорт адамның серігі екенін біле тұрып, көбіміз еріншектеніп, уақыт бөле бермейміз. Сондық­тан ата-аналар өздеріне серпіліс сыйлап, бір сәт болса да сергіп қалғанын айтып, мектеп әкімшілігіне алғыс білдірді.

Осынау спорттық Алматы­ның бір күніне өз үлестерін қос­қан 5 «б» сынып жетекшісі Жі­бек Әзірбаева, 5 «г» сынып же­текшісі Дана Қалғанбаева, 5 «и» сынып жетекшісі Раушан Жұмашева мен 5 «к» сынып жетекшісі Рахат Ахыноваларға ата-аналар да, оқушылар да риза болып тарқады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close