Тоқаев айқын басымдыққа ие

Кеше өткен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында «Қоғамдық пікір» институты және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Exіt-poll қорытындысы жарияланды.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы, әлеуметтану магистрі Айнұр Мәжитова мәлім еткеніндей,  еліміз бойынша 325 сайлау учаскесінің шыға берісінде азаматтар арасында жасырын сауалдама жүргізілген. Сауалдама жүргізу барысында облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары қамтылған. Сондай-ақ, шағын қалалар мен ауылдық округтердегі сайлаушыларға да сұрау салынған. Сайлаушылар арасында сауалдама жүргізу халықаралық қағида бойынша жүзеге асырылып, 13 200 сайлаушыға сұрау салынған. Іріктеме қателігі шамамен 3%-ды құраған.

Сонымен «Қоғамдық пікір» институты жүргізген Exіt-poll қорытындысы мынадай:

«Қазақстан Коммунистік халық партиясы» қоғам­дық бірлестігі ұсынған Жамбыл Ахметбеков – 3,86%; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Дания Еспаева – 5,32%; «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған үміткер Әміржан Қосанов – 15,39%; «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Төлеутай Рахымбеков – 3,03%; Қазақстан Республи­касының Кәсіподақтар федерациясы ұсынған Аманкелді Таспихов – 1,41%; «Nur Otan партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев – 70,13%; «Ұлы дала қырандары» респуб­ликалық қозғалысы ұсынған Сәдібек Түгел 0,86% дауыс жинаған.

Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Еxіt-poll нәтижесі бойынша «Nur Otan партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевқа сауалдамаға қатысқан сайлаушылардың 69,94 пайызы дауыс берген. Бұл жөнінде орталық директоры Талғат Қалиев хабарлады.

Сонымен «Жастар» орталығы жүргізген сауалдама қорытындысы бойынша Қазақстан Президенттігінен үміткерлердің көрсеткіштері мынадай: Жамбыл Ахметбеков – 3,06 пайыз, Дания Еспаева – 4,78 пайыз, Әміржан Қосанов – 14,96 пайыз, Төлеутай Рахымбеков – 2,71 пайыз, Аманкелді Таспихов – 2,63 пайыз, Қасым-Жомарт Тоқаев – 69,94 пайыз, Сәдібек Түгел – 1,92 пайыз.

 

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *