ТМРД – Алматы қаласы бойынша хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының 437-тармағын (ары қарай – Ереже) орындау үшін — Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуына және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге техникалық сараптама жүргізу үшін сараптамалық ұйымдар мен сарапшылардың тізімін қалыптастыру туралы хабарлайды.

Бұл ретте Ереженің 3-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, сарапшы (сараптау ұйымы) – сараптауға жататын қызметте арнайы білімі немесе тәжірибесі бар және техникалық сараптама жүргізу бойынша қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға.

Осыған орай, Департаментке жоғарыда көрсетілген тізімге енгізу туралы өтініммен жүгінгің кезде, сараптама жүргізілетін салада тәжірибесі немесе арнаулы білімді иеленгенін растау қажет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close