Тимур Сүлейменовті соңғы сапарға шығарып салды

 

Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қоғам қайраткері, еңбегі сіңген өнер қайраткері және Қазақстанның Дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменовпен қоштасу рәсімі өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек оқып берді.

Мемлекет басшысы белгілі қоғам қайраткері Тимур Сүлейменовтің қайтыс болғаны жөніндегі хабарды қатты қайғырып қабылдаған.

«Тимур Бимашұлы өз мамандығының хас шебері еді. Ол архитектор және дизайнер ретінде кемел білімі мен мол тәжірибесін туған елінің игілігіне арнап еңбек етті. Қазақстанда осы өнер түрлерінің дамуына лайықты үлесін қосып, бірқатар маңызды жобалардың іске асуында  өз қолтаңбасын қалдырды. Елімізде  алғаш рет Дизайнерлер одағын құрып, көп жыл бойы соның жұмысына жетекшілік етті. Кезінде республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, заң шығару қызметінің дамуына да үлесін қосты. Аяулы азаматтың еңбегі мен дидары халқымыздың жадында әрдайым сақталады деп ойлаймын», – делінген жеделхатта.

Бүгінгі күні оның өзіндік қолтаңбасын еліміздің әр өңірінен көруге болады. Олардың қатарында Астанадағы саяси репрессия құрбандарына арналған Мемо­риалды кешен, «Атамекен» этно-мемо­риалды саябағы, Аңырақай шайқасындағы тарихи ескерткіштер, Алматы облысындағы «Черкасск қорғанының батырлары» мемориалды кешені бар. Тимур Сүлейменов Мәскеудегі Абай ескерткіші мен Алма­тыдағы «Тәуелсіздік таңы» монументін жасауға да қатысқан еді.

Марқұмның отбасына, ағайын-туыс, дос-жаранына қайғырып көңіл айтамыз.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *