ТIЛIМIЗДI ҚҰРМЕТТЕЙМIЗ, САЛАУАТТЫЛЫҚТЫ САҚТАЙМЫЗ

23Жуырда Түрксiб ауданы №31 жалпы бiлiм беретiн мектебiнде қалалық Салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы мен «Сыр болашағы» жас мемлекеттiк қыз­мет­шiлер клубы» жастар қоғам­дық бiрлестiгiнiң ұйымдасты­руы­мен баскетболдан жарыс өттi. Жа­рыс мақсаты – салауатты өмiрдi қолдау, оқушылардың өз денсаулығына деген жеке жауап­кершiлiгiн арттыру болды. Жарыс­қа төрт команда қатысып, I орын «31 К» командасы, II орын «Қай­рат», III орынды «Алматы» коман­далары иеленiп, «Сыр болашағы» ұйымының арнайы дипломы мен кубоктарымен марапатталды. Осын­дай жарыстар оқушылардың өзiн-өзi тәрбиелеу мен жiгерiн жаттықтырудың қайнар көзi екен­дiгi сөзсiз. Сондықтан са­ла­уат­ты­лықты қолдау жұмыстары мек­тепте өз жалғасын таба бер­мекшi.

Мектептегi тағы бiр шара – «Қа­зақстан – ортақ үйiмiз» деп аталып, ол Қазақстан халық­тары­ның Тiл мерекесiне арналды. Бiздiң мектепте 26 ұлт өкiлiнiң оқушылары бiлiм алады. Мереке күнi оқушылар өз ұлттарының тiлiнде сөйлеп, өнерi мен ұлттық тағамдарын көрсеттi. Мереке – оқушыларды достыққа шақырды. Мектеп директоры Ақерке Мә­миева жиналған ұстаздар, ата-аналар және оқушыларды мереке­мен құттықтап, фестиваль қоры­тындысы бойынша қатысушы оқушылар дипломмен марапат­талды.

Шолпан ӘШIМОВА,

директордың тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *