ТІЛІ ШАЛА САҚАУДЫҢ, ҰЛТЫ ҚАЙТЫП КҮН КӨРЕР?

Қажытай ІЛИЯСҰЛЫ

  1. Өмір –тәтті,

Өмір – әсем,

Өмір – гүл.

Өмір – бақыт

Өмір – нұр

Сол өмірдің әр минутын ардақтап, жалындаған жүрегіңмен сүйе біл. Әрине, жастық қайта оралмайды.

 

  1. Адамның басшысы – ақыл,

Жетекшісі – талап,

Желмаясы – талант,

Жолдасы – ой,

Қорғаны – сабыр,

Сыншысы – халық,

Таусылмайтыны – арман.

 

  1. Сұлулықты сүйме, адалдықты сүй!

 

  1. Достық, ең алдымен – адалдық. Бұл – жолда­сың­ның қатесін сынау.

 

  1. Шын дос үшін қарайла,

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда,

Досың менен қасыңды.

 

  1. Әке – асқар,

Әке – пана.

Әке – қорған,

Ардақтай біл әкеңді.

 

7.Сыр – адам баласының ішкі құпиясы.

 

8.Махаббат деген – бір өрт, тұтанса қиын.

 

  1. Ең қызықты шақ – балалық.

 

ҚҰРДАСТЫҢ ҚОНАҒЫНДА

 

Ет жесем отырам ба сендерге ұқсап,

Үйренгем ем табаққа шеңгелді сап…

 

***

Ана тілі…

Осы сөзді көп айтамыз-ау ұрандап,

Үйіңде жоқ құран түгіл құран қап.

 

***

Бір хаттың ізімен:

Кейде адамның аузындағы сөзін шымшуырмен суырғандай етіп, еріксіз шығаратын жағдай болмай ма? Күпінің битіндей жабылушыларға… Күйелі «ағашқа» мән бергендерің артық болмас.

 

***

Жаманнан жақсы туады…

«Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз» деген эпиграф орнына тұрған сөзден кейін:

«Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар».

Жақсы болса, тынысы бар,

Жаман болса, табар жұмысы бар.

 

Баласы бардың панасы бар,

Жақсы болса, панасы бар,

Жаман болса, әкеңнен табар жаласы бар.

 

ҚАЙТЫП КҮН КӨРЕР

 

«Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Жылан қайтып, күн көрер,

Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтып күн көрер» деген эпиграф орнына тұрған сөзден кейін:

Желіккен жесір кешегі,

Қатын қайтып күн көрер.

Тастап кеткен шешесі,

Жетімдер қайтып күн көрер.

Соқасы жоқ сопиған,

Дихан қайтып күн көрер.

Не сүті жоқ, жемі жоқ,

Атым қайтып күн көрер.

Баспа түгіл басқа жоқ,

Ақын қайтып күн көрер.

Жүйелі тұрған жота жоқ,

Елім қайтып күн көрер.

Ескермесе, еңбегін,

Ерлерім қайтып күн көрер.

Еркелеген соларға,

Серім қайтып күн көрер.

Тілі шала сақаудың,

Ұлты қайтып күн көрер.

Білімдіде билік жоқ,

Биліктіде білім жоқ,

Қазағым қайтып күн көрер.

Сөзі өтпесе, ауылға,

Рулым қайтып күн көрер.

Аумалы елде топтанған,

Жұмыссыз қайтып күн көрер.

Қулығы жоқ, қоры жоқ,

Момын қайтып күн көрер.

Жұмыссыздан жиналған,

Тобыр қайтып күн көрер.

 

***

Жан бар жерде – қаза бар

Жан бар жерде – қаза бар,

Тілім қайтып тазарар.

Біліктіден басшы жоқ,

Ғылым қайтып тазарар?

1982 жыл

 

***

Бекетжан, астана мен аудан бір ме?

Кез болдым өңшең сері, салмен бірге.

Жеріңе тазы, аспаныңа құс жіберіп,

Ағаңды екі ортадан аулап жүрмін.

 

***

Серісің жел есетін айдарынан,

Тоқаштай жылтырайсың май жағылған.

Сапырып саласың қай жағыңнан,

Күніне миллион сом пайда қылған.

 

Әзірлеген – Руда ЗАЙКЕНҚЫЗЫ,

ақынның жары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *