Тілге құрмет – елге құрмет

1772Мемлекеттік тіл – қазақ тілі ұлтымыз­дың ұлт болып сақталуы­ның, дамуының алтын тірегі мен халықтық белгінің басты шарты екені белгілі. Қазақстан Респуб­ликасының Констит­уциясы Ата заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп айқын көрсетілген. Тіл – ұлттың жаны, халықтығымыздың асыл белгісі, намысы, тыныс тір­шілігінің көзі. Ата Заңмен қор­ға­латын еркін­дігінің үні. Ана тілінің күші мен құдыретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп саналы. 22 қыркүйек күні «Қа­зақ­стан хал­қының Тілдері күні» мерекесін еліміз қуанышпен қарсы алды.

Жетісу ауданы №174 негізгі орта мектепте гуманитарлық бір­лес­тік жетекшісі Р.Сама­диева және тілдер бірлестігінің пән мұғалімдерінің ұйым­дастыруымен «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Садырқұлова, Ү.Ахметова, Г.Қабдолдина, Е.Әжібай, Н.Нұхаметалиева, З.Пирманова, Ғ.Құсайынова атсалысты. Бұл іс-шарамыз тіл мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ, біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіргенімізге қуаныштымыз. Іс-шарамыздың құрметті қонағы ана тіліміздің жанашырлары – «Балалар әдебиеті» бөлімінің кеңес төрағасы, жазушы Сұлтан Қалиұлы және Жазушылар одағының кеңесшісі Сәбит Дүйсенбин болды.

Қонақтарымыз ана тіліміз туралы өзекті пікірлерін мектеп оқушыларымен бөлісті. Сұлтан Қалиұлы оқушылармен сұхбат барысында «Ана тілін ұлы мұхитқа баласақ, біз соның жағасына келіп, екі алақанымызды қосып тұрып қос уыстап іліп алып ішкендей ғана болдық деп ойлаймын. Оның тереңіне бойлап, түбіндегі інжу маржанын ерінбей-жалықпай тере біліп, өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Біздің Мемлекетіміз үш тұғырлы тілді таңдаған. Ұрпақтарымның келешекте үш тілді еркін меңгерген саналы азамат ретінде биіктерден көрінуін армандаймын» деп жүрекжарды лебізін білдіріп, ана тіліміздің болашағы жайлы толғантқан өзекті ойын білдірді. Осы әдеби танымдық кешке белсенділік көрсеткен 7 «ә» сынып оқушысы Бекнұр Рахметбаев «Ана тілім ардақтым» жырын, 7 «а» сынып оқушысы Марлен Сермағанбетов «Тамырсыздану каупінің тұжырымдамасы», 6 «ә» сынып оқушысы Ақжан Абылхан «Ана тілім» әнін, 9-сынып оқушылары «Қазақ биін», «Жастар күйін», «Атамекен» әнін, Сұлтан Қалиұлының шығарма­шылығынан үзінділерді нақы­шына келтіріп орындады. Әдеби танымдық кешті мектебіміздің басшысы Болат Сатаев «Тіл – халықтың қазынасы, тұрмыс-тіршілігінің танымы, өмірінің айнасы. Үлгі-өнегенің темір қазығы мен бастау бұлағы, халықтық тәрбиенің ұрпақтан-ұрпаққа тасымалдаушысы. Қазақ тілі – Мемлекеттік тіл, бабамның тілі – менің мақтанышым, менің мақтанышым сендердің де мақтаныш­тарың, сендер көк туды тік ұстайтын, тілін құрметтейтін, халқының қамын ойлаған азамат болуға тиіс­сіңдер» , – деп қорытындылап, келген қонақтарға құрмет көрсетті.

Еліміздің болашағы – өз ана тілінде. Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл бар. Олар – ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі таңда біздің көп тіл білуіміз қажет. Бірақ, өзге тілді білсек те, ана тілімізді қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. Мемлекеттік тілімізге деген құрметті қазақ еліне деген сүйіспеншілік деп білеміз.

Тіл жоғалса жоғалар ұлтың бүгін,

Тілің барда нұр шашып атар күнің.

Сөзімнің ұғар болсаң түп төркінін,

Жүрек жырын жазар ем таппай тыным, – деп Мұхтар Шаханов айтқандай, қазақ тілі қазақ халқының ұлттық игілігі болуымен қатар әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызық­тырған көне тарихы бар кемел тіл ретінде танылуда.

Аман болсын казақ тілі қуатты,

Қазақ тілі айбынды да шуақты, – дей келе, Қазақстан халқын тілдер мерекесі күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

 Роза САМАДИЕВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ТIЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Рая ЕСКЕНДIР

«Дорожник» ықшамау­данын­дағы №87 жалпы бiлiм беретiн мектепте «Тiлге құрмет – елге құр­мет» тақы­рыбында қазақ тiлi пәнi­нiң онкүндiгi өткен едi. Он күн бойы мектеп iшiнен ұлттық рух аңқыды.  

Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнi мұ­ғалiмдерi ұлттық киiм киiп, дәрiс оқығанда оқушылар мереке­нiң салмағы мен маңызын анық сезiнiп, мемлекеттiк тiлде барын­ша таза сөйлеуге тырысты.

«Дорожник» ықшамауда­нын­дағы бұл бiлiм ошағы — аралас мек­теп. Сон­дықтан мұнда бiрнеше ұлт­тың бала­сы бiлiм алады. Он­күндiк аясын­да мемлекеттiк тiлдiң абыройын асқақ­татып, мәртебесiн көтеретiн бiрнеше iс-шара өттi.

Мектеп кiтапханасында «Тiлге құрмет – елге құрмет» деп ата­латын кiтап көрмесi ұйымдасты­рылды. Сонымен қатар, 8-10 орыс сыны­бының мұғалiмi А.Ноғаева «Қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл» атты шығар­малар сайысын өткiзсе, 8-11 қазақ сы­нып­тары арасында З.Жа­ниева шығармалар бай­қа­уын өткiздi.

Мемлекеттiк тiлдiң аясын ке­ңейтiп, оған қолдау бiлдiруге тө­менгi сынып оқушылары да белсен­дiлiкпен атсалысты. Мәселен, 1 — 4 сыныптар арасында пән мұғалiмi Қ.Ерғожинова «Мың бiр мақал» сайысын, ал 6 — 9 сы­нып оқушылары арасында пән мұ­ғалiмдерi А.Сыбанбекова мен Н.Қа­найбекова «Көркем саз» шеберлерi байқауын өткiздi.

Өткiзiлiп отырған шаралардың бар­лығы да өзге ұлт өкiлдерiнiң мемлекеттiк тiлге деген құрметi мен қызығушылығын арттырды. Тiл мере­кесi талай талантты бала­ның танылуына да өз әсерiн тигiздi. Онкүндiк «Қазақстан – ортақ үйiмiз» деп аталатын тiлдер фестивалдiмен аяқталды.

Мектеп басшысы Л.Шәйке­нова ана тiлiне зор құрмет көрсе­тiп, он­күн­дiк жұмыстарына бел­сене атса­лысқан барлық оқушы­лар мен мұға­лiмдердi мақтау қаға­зы марапаттады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *