«The Planet of ART-2020» халықаралық байқауының жүлдегері атанды

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Бурақожаева Диана, Жидебай Айша , Жақып Ұлпан , Кубанова Римма  ойшыл-ғалым Әбу — Насыр-Әл-Фарабидің 1500 жылдығына және   қазақ халқының ұлы ақыны-Абай Құнанбаевтың  175- жылдығына арналған «The Planet of ART-2020» халықаралық байқауының ақтық кезеңіне өтті. Оның ішінде 9 сынып оқушысы Диана Буракожаева art-сайыстың жеңімпазы атанды. Ақтық кезеңге өткен жас суретшілердің  жұмыстары Халықаралық байқаудың  «Ұлы дала ойшылдары» атты тақырыптық альбомына енгізіледі, оның тұсаукесері Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде өтетін арнайы ресми іс-шаралар кезінде болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар,  Қазақстанның облыс орталықтарында ұйымдастырылатын үздік жұмыстардың көшпелі экспозициясында өңірлердің тұрғындары зияткерлердің туындыларын тамашалай алады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *