Теннис орталығымен танысты

Мемлекет басшы­сы Нұр­сұлтан Назарбаев Қазақ­станда теннисті дамыту үшін 10 жыл ішінде барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Корттар саны төрт есе өсіп, 60-тан 244-ке жетті. Сондай-ақ, тенниспен айна­лысатын спортшылар саны жыл сайын артып келе жатыр.

– Теннис спорты тиісті инфрақұрылым болғанда ғана дамиды. Әр өңірде балалар спортпен шұғыл­данып, биіктерді бағын­дыруы үшін әлемдік стан­дартқа сай теннис орталық­тары салынуға тиіс. Осы теннис орталығында жатты­ғатын спортшылар әлемдік деңгейдегі жұлдыздарға айналады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы жас теннисші­лермен әңгімелесу бары­сында әрдайым жеңіске деген сенімдерінің берік болуына, жігерлілік пен спорттық шеберлік арқылы алға қойған мақсаттарына жетулеріне ниеттестік біл­дірді.

Жалпы, көлемі 8100 шаршы метр болатын «Эйс» теннис орталығында «хард» қатты жабындысы төселген 4 жабық және 6 ашық корт бар. Сондай-ақ, мұнда 2 тре­нажер залы, медици­налық пункт, киім ауыс­тыратын бөлмелер, нұсқау­шылар кабинеттері, кон­ференц-зал, тамақтану орындары орна­ласқан. Барлық корт ха­лықаралық талаптарға сай келетін жарық беру жүйе­сімен қамтамасыз етілген. Бұл жаз мезгілінде «ATP Challenger» деңгейіндегі турнирлерді өткізе алатын Алматыдағы бірден-бір теннис орталығы.

Спорт нысаны жеке инвесторлардың қаржысына салынды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close