Темекі өзіңізді де, өміріңізді де улайды

Темекінің адам денсаулығына зияндығы туралы күнде айтылып жатса да, шылымқорлар саны көбеймесе, азаяр емес. Қазіргі таңда кәрісі де, жасы да, еркектер де, әйелдер де шылым шегеді. Тіпті, баласының көзінше темекі түтінін будақтатып тұратын аналар да жоқ емес. Сүйріктей саусақтарының арасына шылым қыстырып алған арулар да ертең ана болады-ау дейсің. Ал олар тек өзіне ғана емес, айналасындағыларға да қаншалықты зиян тигізіп жатқанын білсе ғой, шіркін.

Кей жасөспірімдер өзінің ержете, бойжете бастағанын, тәуелсіздігін білдіргісі, «крутой» көрінгісі келіп шегеді. Ал кей­біреулер өміріне, айналасына көңілі толмай, біреулерге қыр­сығып тартады. Енді бір топ ішкі күйзелісін осы темекімен басатын көрінеді. Бірақ бұл өз-өзін алдау болып табылады. Мысалы, бір темекіні шегетін болсаңыз, сіздің жүйке жасушаларыңыз мүлдем жойылады.

Иә, бүгінде шылым шегушілер барлық жерде: подъездерде, көшеде, саябақтарда. Тіпті, мектеп­тердің жанынан өтіп бара жатып та саусақтарының арасына шылым қыстырған 12-13 жастағы балғын балаларды көріп жаның ауырады. Оларды қадағалап жатқан ата-аналары, ұстаздары қайда? Тіпті, мектеп артында жас ағайлардың оқушыларымен бірге қосылып темекі тартып тұрған­дарын да талай көргенмін.

Темекінің денсаулыққа зиян екендігін білдіретін ашық сабақ­тар мектепте жылына қанша рет өткізіледі екен деген ойға қаласың осындайда. Мектеп айналасын инспекторлар жиі тексеріп, үнемі қадағалап отырса, мүмкін бұл әдеттен құтылатын шығармыз.

 

Ақбота ҚОЖАЕВА,

«Тұран» университетінің 2-курс студенті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *