ТЕЛЕКОМНЫҢ ТЕЛЕАРНАЛАРЫ КӨБЕЙДІ

«Қазақтелеком» АҚ 2019 жылғы 10 сәуірден бастап «ІD TV» мен «ІD TV Onlіne+» топтамалар қызметіне жаңа «Матч! Планета» және  «КХЛ HD» телеарналар қосылатынын хабарлайды.

МАТЧ! ПЛАНЕТА – Ресейден тыс жерлерде, үздік спорт трансляциясын көрсету арқылы Ресей спортын насихаттауға бағытталған арна! «Матч! Планета» – бұл құрамында  рейтингісі ең жоғары спорттық трансляциялар мен бағдармалар еңгізілген «Матч!» арнасының халықаралық нұсқасы.

КХЛ HD  – бұл контенті мен апталық хоккей трансля­циялары бар толыққанды HD-арна. КХЛ HD сүйікті ойыныңызды керемет сапада көруге мүмкіндік беретін, қиял-ғажайып қақтығыстардың бірде-бір нюансын хоккей фанатының назарынан алшақтамайтын арна. Сонымен қатар, КХЛ HD – бұл аналитикалық бағдарламалар, ағымдағы есептер, күндізгі шолу, каскадты хоккей және құрлықтық хоккей лигасы матчтарының ең үздік голдары­ның жарқын кестесі.

Қосылуға өтініш қалдыруға және «Алматытелеком» ӨТД қызметтері мен акциялары туралы толық ақпаратты Дирекцияның қызмет көрсету желісінен немесе «160» нөмірі (қоңырау шалу тегін) бойынша білуге болады.

 

МОБИЛЬДІ    МҮМКІНДІГІҢІЗДІ    КЕҢЕЙТІҢІЗ

«Алматытелеком» ӨТД абоненттерге мобильді байланыс топтамаларын қосу мүмкіндігі туралы ескертеді

«Алматытелеком» ӨТД «Kazakhtelecom FMS» мобильді байланыс топтамаларына қосылу мүмкіндігі туралы ескертеді.

«Kazakhtelecom FMS» негізгі артылықшылықтары – бұл Қазақстан бойынша тіркелген нөмірлер мен Алтел/Теле2 нөмірлеріне шексіз қоңыраулар, 16 Гб. Интернет трафигі мен басқа  операторларға 160 минутқа дейін қоңырау­лар, Kсell мен Beelіne байланыс операторларының нөмірле­ріне тегін сөйлесу мен байланыс ішінде күніне 300 SMS кіреді.

Топтамаға кіретін барлық қызметтер үшін төлемақы бірыңғай шотта, post-paіd сызбасы бойынша жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Kazakhtelecom FMS» тариф­тік жоспарға кез-келген адам өзге операторлардан нөмірді сақтай отырып ауыса алады. Рәсімдеу Алматы қаласы мен Алматы облысындағы «Алматытелеком» ӨТД барлық қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.

Қосылуға өтініш қалдыру үшін және мобильді байланыс туралы толық ақпаратты Дирекцияның қызмет көрсету орталықтарынан немесе «160» (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша алуға болады.

 

«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен

байланыс қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *