ТЕЛЕАРНАНЫҢ КӨРЕРМЕНГЕ ҰСЫНАРЫ КӨП

«Алматы» телеарнасы көпшіліктің қалауын ескеріп, халықтың көңілінен шығатын бояуы сан түрлі бағдарламалар ұсынудан жалыққан емес.

«Қаруы – қалам, көзі – камера, сөзі – мерген» телеарна журналистері  көрерменге тағы да біраз тың жобаларын ұсынып отыр.

Жаңа жобалардың бірі  «Таңғы студио!» деп аталады. Бағдарлама ең алдымен қазіргі таңдағы қоғамдағы өткір әлеуметтік мәселелер қозғалып, әлемде, елімізде, қаламызда болып жатқан жағымды жаңалықтарға басым­дық береді. Жобаның мазмұндық құры­лымы бай, ауқымы кең.Отбасы, баспа­на, бала тәрбиесі, мансап, қызмет, қоғам­дық өмір секілді тақырыптарда ой қозғалып, жүргізушілер кез-келген жанды ойлан­дыратын сауалдарға жауап іздейді. Көрерменге пайдалы ақпараттар бере отырып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға ұмтылады. Бағдарла­ма­ның екінші бөлігінде тақырыпқа байла­ныс­­ты салиқалы ой, салмақты пікір айтатын танымал тұлғалар қонаққа келеді.

Әр бағдарламада көрермендермен кері байланыс орнату үшін қызықты ойындар ойнатуды да ұмытқан жоқ. Қойылған сауалдарға дұрыс жауап беріп, белсенділік танытқан көрермен­дерге жоба авторлары сыйлық ұсынуды да ұмытқан жоқ.

Алып шаһардың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамайтын, жылт еткен жаңалықты қалт жібермейтін көрермен жан-жақты тақырыптарды қамтыған мұндай бағдарламадан жақсы әсер алатыны сөзсіз.

Ақпараттық-танымдық, сазды бағ­дар­ламаны көрермен аптаның дүй­сенбісі мен жұма күндері аралығында тамашалай алады.

Айта кетейік, жаңа жоба дүйсен­біден бастап көрермен назарына ұсынылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *