ТЕЛЕАРНА ТҮЗЕЛМЕЙ, ТӘРБИЕ ТҮЗЕЛМЕЙДІ

Дулат ИСАБЕКОВ:

– Мектеп те, оқулық та, министрлік те жетісіп тұрған жоқ. Балалар не оқитынын, қалай оқитынын білмей қалды. Ахмет, Халелдердің уағында баланы тәрбиелеуші – мектеп еді, қазір бәрі көк жәшікке телміретін болып алды. Ал сол теледидардың өзі балаларға дұрыс тәрбие бере алмай жатыр. Алғашында «Балапан» телеарнасы ашылғанда қуанып едік, ол арна қазір кілең данышпан тәрбиелеумен айналысуда. «Данышпан қарға», «Даныш­пан тасбақа», «Данышпан торғай» дей ме, әйтеуір тек «даныш­пандар» туралы көрсетіп, қала берді, архитек­тура, қала салу жайлы айтады. Құдай-ау, бәрі ақылды, сонда біз баланы данышпан қылып тәрбиелейміз бе? Сол үшін балалар қазақша арналарды көрмейді. Себебі, Ресей телеарналарында балаларға түсінікті тілмен, тек балаға қажетті дүниелерді беріп қызықтырады, балаға керегі – сол. Ең маңыздысы, балаға ақыл айтпайды. Біздегі бала­лар өлеңінің өзі «атамды тыңдаймын, апамды тыңдай­мын» деген сияқты мәнде ақыл айтумен ғана шектеледі. Балаға сол қажет пе? «Менің атым Қожа» фильмі неге мәңгілік туынды болып қалды десек, Қарсақ­баевтың мықтылығы сол, ол туындыда ешкімге ақыл айтқызған жоқ, балалардың өз өмірін көрсетті. Осының өзі – тәрбие. Ал біз тәрбиені уағыз арқылы берудеміз. Қоры­та айтқанда, телеарна түзелмей, тәрбие түзелмейді.

 

(«QAZAQ ADEBІETІ», №44, 8.11.2019).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *