Тек отандық құрылыс заттарын пайдалану талабы қойылды

Нұржамал ӘЛІШЕВА

 «Nur Otan» партиясының «Qutty мекен» атты партиялық жобасының іске асырылып жатқанына біршама уақыт болды. Аталған жоба аясында Бостандық ауданында биыл бірнеше нысанды жөндеу қолға алынып отыр.

№140 балабақша ғимаратының сыртқы келбетін жөндеу жұмыстарын «МегаСтройПроект.КZ» ЖШС мамырдың 11-де қолға алған болатын. Бар-жоғы оншақты күннің ішінде балалардың мекені көркейіп шыға келді. Партияның аудандық филиалының бақылау комиссиясы олардың өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарағанын және құрылысқа тек жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланғанын атап өтті.

«Qutty мекенге» енген келесі нысан №1 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Ондағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының қарқынын бақылау мақсатында «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов құрамында қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының басшысы Болатжан Бозымбаев  бар комиссиямен бірге аралап шықты. Елдегі төтенше жағдай кезінде көптеген азаматтың еріксіз жұмыссыз, табыссыз қалғаны белгілі.  «АлтайКазИнжиринг» ЖШС-ның мамандары бұл ғимараттың құрылыс жұмыстарына тартылған 150 адамның тең жартысының Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы келгенін атап өтті. Бәрекелді дестік.

№1 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының көлемі де, жер аумағы да, атқарылатын жұмыстар да өте ауқымды болғандықтан, ондағы құрылыс жұмыстарына көлемді қаржы бөлініп отыр. Комиссия мүшелері мекеменің іші-сыртында атқарылатын жұмыстар көлемімен жан-жақты танысып шықты. Мұндағы демалыс орындары, спорт алаңдары, бассейніне шейін жөндеу жұмыстары басталды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ем қабылдайтын бөлмелері де жаңаланбақ. Комиссия мүшелері алдағы уақытта да тек отандық құрылыс материалдарын пайдалануды міндеттеді.

Ал №92 балабақша ғимаратының ауласын асфальттау және  көгалдандыру жұмыстарымен Расул Құрақбаев басқаратын «Жаңа құрылыс-2017» ЖШС айналысуда. Оның басшылығына құрылыс жұмыстарына негізінен жергілікті азаматтарды қамтуға кеңес берілді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарының тек қазақстандық, оның ішінде алматылық өндірістен болуына мән беруді тапсырды.

– Бұл – уақыт талабы және төтенше жағдай кезінде тұралап қалған жергілікті кәсіпкерлікті қолдау және жұмыссыздықты азайту саясаты, – деді «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалының қызметкері Байғали Әбдәліұлы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *