Тегімді өзгерте алам ба?

Сауал – сізден, жауап – бізден

 – Мен те­гімді өзгерт­кім келеді. Өйт­кені, менің био­логиялық әкем ана­мызбен екеу­мізді өмі­ріміздің қиын кезеңінде тас­тап кетті. Енді мені өсір­ген, бізге кө­мек­тесіп, әкемдей бо­лып кеткен адамның атына ауысқым келеді. Бұл мүмкін бе? 

Марат.

Бостандық ауданы.

«Неке және отбасы туралы» Заңға сәйкес, сіздің жағдайыңызда әкеңіздің атын ауыстыруға болады. Әділет бас­қармасы мамандарының айтуынша, ол үшін сізге Әділет басқармасына әке­сінің атын ауыстыру үшін себептермен түсіндірілген тиісті арызбен келу керек. Әкесінің атын ауыстыру туралы өті­нішке мынадай құжаттар тіркеледі: туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері. Cондай-ақ, жеке бас куәлігі мен бекітілген үлгідегі екі фотосуретіңізді ала келіңіз.

Қан қысымы неге көтеріледі?

– Әкемнің қан қысымы жиі көте­ріліп кете береді. Неге? Әйтпесе, ол үнемі спортпен шұғылданады. Бірақ солай бола тұра, қан қысымы жоғары. Мұндай жағдайда не істеу керек? Қан қысымы­ның жиі кө­терілуі де тұқым қуалай ма?

Медет.

Әуезов ауданы.

Дәрігерлердің айтуынша, бұған себеп болатын мә­селе өте көп. Көбіне стресс, жүйке жүйе­сіне түскен ауырт­па­лық, уайым ық­пал етуі мүмкін. Уақы­тылы тамақ­танбай, ұйықтамай қызмет ете­тіндер де осы қатардан табы­лып жатады.

Қан қысымының себептері:

– Тұқым қуалау. Бұл үрдіс атадан балаға жалғасуы жиі болатын құбылыс;

– Артық салмақ. Француз дәрігер­лерінің айтуынша, денедегі әрбір артық келі қысымды 1,6 мм. көтеруге, 1,3 мм. төмендетуге қауқарлы екен;

– Холестериннің артуы. Ол қан ай­налымының бұзылуына әкеледі;

– Ми жарақаты (бастан соққы алу, ми шайқалуы, т.б.);

– Ішімдік пен шылымды жиі қол­дану;

– Тұзды, ащы тағамдарды көп мөлшерде пайдалану;

– Күн тәртібінің бұзылуы, қозға­лыстың аз болуы;

– Ұзақ уақыт дәрілік препараттарды қолдану;

– Сонымен қатар, кейбір сырқаттың салдары (эндокринді, жүрек-қан тамыр­лары аурулары, жүйке жүйесі, бүйрек, қуық жолдары аурулары);

Алдын алу шаралары:

– Қаламасаңыз да өмір сүру дағды­ңызды өзгертуге тура келеді. Мәселен, ішімдікті, шылымды, басқа да зиянды әдеттерді тастау керек болады;

– Жануар майларын пайдалануды тоқтату. Өйткені, олар қан құрамын­дағы холестеринді көбейтеді;

– Күнделікті тұтынатын тұздың кө­ле­мін азайту. Ол үшін құрамында натрий элементі аз түрін қолдануға болады;

– Денені қозғалысқа енгізу, артық салмақтың алдын алу. Жаяу серуендеу­ге, хауызға баруға, йогамен айналысуға болады;

– Уайым-қайғыдан, жүйкені әлсіре­тетін жағдайлардан аулақ болуға тырысыңыз.

Дайындаған – Серік ЖҰМАБАЕВ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *