Театрдың ғажайып әлемі

Оқушылар сарайында Алматы қалалық «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің жоспарына сәйкес «Театрдың ғажайып әлемі» атты ІІ  қалалық фестиваль басталып, талантты өнерпаздардың  өмірдегі тұсауын кесті.

 Рая ЕСКЕНДІР

Аталмыш байқау ҚР Білім және ғылым министрлігі, қалалық Білім басқармасының мемлекеттік тапсырысымен өтіп отыр. Биылғы жылы да байқауға Қазақ Ұлттық өнер академиясы мен Оқушылар сарайы қолдау көрсетіп, №7 Оқушылар үйі ұйымдастырды.

Қазақ сахнасының тарихы осыдан 93 жыл бұрын бас­талған екен. Тарихқа көз салсақ, ең алғаш 1926 жылы Қызыл­орда Қазақ мемлекеттік театрында М.Әуезовтің «Еңлік–Кебек» қойылымымен ресми ашылған екен. Осылайша тари­хы тереңнен бастау алатын театр әлемі талай әйгілі өнер шебер­лерінің есімін жарыққа шығарды. №7 Оқушылар үйі ұжымы сол тарихты жалғастырып, былтырдан бері «Театрдың ғажайып әлемі» атты қалалық байқауды тұрақты өткізіп келеді.

Осымен екінші мәрте өткізіліп отырған байқауға 19 театр ұжымы, 240-тан астам оқушы және олардың жетекшісі қатысқан еді. Осынау байқау қала балаларының басын қосып қана қойған жоқ, шығармашыл ұжымдардың идеясын бір арнаға тоғыстырып, әдемі әсер, асқақ арман сыйлады. Байқауда өнер көрсеткен болашақ өнер шеберлеріне танымал театр тарландары мен кәсіби мамандар баға берді. Екі күні бойы өнер көрсеткен ұжымдардың өнерін Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының Театр өнері факультеті, Актер шеберлігі және режиссура кафедра­сының доценті Минура Масалимова, Театр өнері факуль­теті, Актер шеберлігі және режиссура кафедрасының аға оқытушысы, өнер магистрі Қуаныш Мамытқалиев, ҚР Суретшілер одағы­ның мүшесі, Академиялық сурет және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының мең­герушісі, профессор Серғазы Жаманқараев, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Ләззат Әденова, қалалық Білім басқармасының №7 Оқушылар үйі директоры Айнұр Дауылбаева бағалады.

Болашақ өнер иелерінің алғашқы баспалдағы іспетті байқаудың берері де мол болды. Әсіресе, мектеп жанын­дағы театр үйірмелері мен қосымша білім беру меке­мелерінің оқушылары өздерінің сахнаға төселіп қалған­дықтарын көрсетті. Сахна тілі, сахна шеберлігі сынды өнер адамына аса қажетті қағидаларды оқушылардың меңгеріп алғандығы өнер иелерінің өздерін таңқалдырды.

Байқаудың бас жүлдесіне ие болған Түрксіб ауда­нындағы №84 мектептің «Толағай» театр ұжымы Тахауи Ахтановтың пьесасы бойынша қойылған «Ант» спектаклімен өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Бұған дейін де қала көлемінде бірнеше қойылымды сахналаған театр байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, М.Жұмабаев атындағы №137 мектептің «Жас өркен» театр ұжымы «Үздік драмалық спектакль» номинациясын, №104 мектеп «ЖасStar» театр ұжымы «Үздік әдеби-музыкалық композиция» номинациясын, №1 Оқушылар үйі «Жас өнер – жалын» театр ұжымы «Үздік бірегей жанр» номинациясын, №109 мектеп «Аманат» театр ұжымы «Көрермен көзайымы» номинациясын, №180 мектеп «Art bala» театр ұжымы «Үздік хореография» номи­нациясын, №198 мектеп «Жас қанат» және №15 мектеп-гимназия «Camelot» театр ұжымдары «Үздік сахналық костюм» номинациясына ие болды. «Үздік әйел адамның рөлі» номинациясына №15 мектеп-гимназиясының Алиса Савенко мен №23 мектеп-гимназиясы оқушысы Томирис Есова, «Үздік ер адамның рөлі» номинациясын №152 мектеп-гимназиясынан Ернат Дүйсенұлы, №2 Оқушылар үйі оқушысы Қамза Батырхан жеңіп алды.

Ал «Үздік көркемсөз орындаушы» №180 мектептің Аружан Абсатар мен №199 мамандандырылған гимназия оқушысы Райымжан Серікбеков, «Үздік актерлік шеберлігі үшін» №137 мектептің оқушысы Балжан Әбдіхалықова мен №84 мектептен Ұлан Тұрдығазы, «Үздік режиссура» №104 мектептен Гүлдана Әбдісадық, №84 мектептен Мұрат Рысбек, «Үздік театр суретшісі» №198 мектептен Алтынай Қалдыбаева, Анар Қанат, №137 мектептен Инабат Аюбекова лайық деп танылды.

Барлық қатысушыларға қалалық Білім басқармасының Мақтау қағазымен арнайы кәдесый табыс етілді.

Көрерменіне қуаныш сыйлап, өз өнерлерімен бола­шақтарынан зор үміт күттірген Түрксіб ауданындағы №84 мектептің «Толағай» театры сәтін салса, 25-26 наурыз күндері Атырау қаласында өтетін республикалық «Театрдың ғажайып әлеміне» қатысып, Алматы қаласының атынан өнер көрсететін болады.

«Толағай» театрына толағай табыс, шалқар шабыт тілейміз!

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *