Тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеңіздер

Қалалық Жасыл экономика басқармасы хабарлағандай, Алматыда 6 ақпанға қараған түні қалың қар жауды. Басқарманың мәліметінше, сағат түнгі 01.00 мен таңғы 08.00 аралығында жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жеткен. Ал таулы аймақтарда 30 сантиметрден асты. Қар тазалау жұмыстарына 574 арнайы техника жұмылдырылып, көктайғаққа қарсы 3100 тонна материал көше жолдарына себілді. Сондай-ақ, күндізгі уақытта 718 арнайы техника мен 2 200 жұмысшы қар тазалады. 

Басқарма жіберген хабарламада, қалалық әкімдік көлік жүргізу­шілерінен қар тазалау жұмыстарына түсіністікпен қарап, жол шетінде көліктерін қалдыр­мауды сұрайды. Әсіресе, түнгі уақытта. Тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін көлік құралдары эвакуа­тормен алы­натынын ескертіп отыр.

Қар тазалау жұмыстары 7 ақ­пандағы кешкі уақытқа дейін жалғасады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *