«ТАУСАМАЛЫ» ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕНДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ

Әкімнің тапсырмасы орындалып жатыр

 Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев  Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесуінде    шет аудандарда тұратын тұрғындар үшін медици­налық көмектің қолжетімді болуына жете көңіл бөлуді, олар үшін қажетті жағдай­лардың барлығын қалыптастыру керектігін қадап айтқан болатын. Соңғы жылдары  қала жұрты үшін медициналық көмектің сапалы әрі қолжетімді болуын  назарда ұстай келе, Қоғам­дық денсаулық сақтау басқармасы әкімнің бұл тапсырмасын көпке созған жоқ.

Көптен ойластырылған мәселенің шешімін тауып,  Медеу ауданына қарасты  «Таусамалы» («Каменское плато») ықшамауданында  дәрігерлік амбулатория ашылды. Қала әкімінің «Шетсіз қала» бағдарламасы мен «шет аудан тұрғындары ешнәр­седен шет қалмауы тиіс» деген  тапсырмасының аясында ашылған ЖШҚ №5 қалалық клиникалық ауруханаға қарасты бұл амбулатория осы ауданда тұратын 6358 адамға медициналық қызмет көрсететін болады. Осы алты мыңнан астам адамның 512-сі алты жасқа дейінгі балалар екенін ескерсек, енді ата-аналар да балаларын дәрігерге тексерту үшін қала орталығына қарай шапқыла­майтын болады. Өйткені, «Таусамалы» тұрғында­рына жалпы тәжірибедегі дәрігерлер  мен мейір­бикелер қызмет көрсетсе, зертханалық талдау жұмыстарының барлығы да  амбулаторияның өз зертханасында жүзеге асырылады.

Тіпті,   жүрекке электрокардиограмма жасатып, емханаға тіркелу де  осы жерде жүзеге асырылмақ. Сонымен бірге, мұнда күндізгі емдеу бөлімі жұмыс істейді. Онда тұрғындар ауруханаға жатпай-ақ тиісті емдерін алып, денсаулықтарын жақсарта алады.  Медициналық қызметтің  қолжетімділігі және оның  алыста емес  тұрғындарға бір қадам жақын жерде болуы деген осы болса керек.  Қала басшысының өздеріне деген қамқорлықтарына «Таусамалының» тұрғындары дән риза.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *