«Таусамалы» қашан сапалы ауызсумен қамтылады?

dsc_1504Нұржамал  БАЙСАҚАЛ

 

Таусамалы тұрғындарының алдында  есеп берген Наурызбай ауданының әкімі Сайран  Сайфеденов   есепті баяндама­сынан бұрын,  Елбасының «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына, ондағы  аталып өткен оң кезең  бойынша Елбасы алдымызға қойып отырған   ең басты  тапсыр­малар­ға тоқталып өтіп, аудан­ның өткен жылғы экономикалық, әлеуметтік дамуы жөніндегі есебін баяндады.

Жолдары жөнделіп, көшелері сәнде­ліп, тіпті ауданның халқы ғана емес, қаланың таза ауаға жандары құштар тұрғындары да келіп демалатын «Әліби» саябағы ашылды.  Екі көлік қатар жүре алмайтын Қонаев көшесі кеңейтіліп, жол бойларына жаңадан 72 белгі орнатылып, 42 жол белгісі жаңар­тылыпты.  Оқушылар мен жаяу жолау­шы­лар көп жүретін үш көшенің бойына бағдаршам орнатылған. Аудан құрылған кезде аудан аумағында небәрі 25 шақы­рым жаяу жүргіншілер жолы болса, өткен жылы жаяу жүргіншілерге арнал­ған жолдар  233 шақырымды құрапты. Сыртқы жарық беру  жұмыстары да жүйеленіп келеді. Қарғалы өзеніндегі  төтенше жағдайлардың салдары толық жойылып, төңірегі демалыс айма­ғына айналды. Қаңғыбас иттерге қақпан құрылып,  соның нәтижесінде  өткен жылы 3120  ит  ауланып, тазалық мәсе­лесі  жүйелі түрде қолға алыныпты. Өткен жылы аудан аумағындағы таза­лыққа нұқсан келтірген  998 тұлғаның әрекеті бойынша хаттама толтырылып, 17 698 830 теңгенің айып­ұлы салыныпты.  Бұл көрсеткіштер арқылы аудандағы сала қызметтерінің өз жұмыста­рына  жауапкершілікпен  қарайтындықта­рына көз жеткізуге болады.

 

ЖАТАҚХАНА АЛДЫНДА ЖАРЫҚ ЖОҚ

 

Өткен жылдың қортындылары мен  аудан аумағындағы атқарылған жұмыс­тарға көңілдері толғанмен,  әкімге  қояр сауалдары да аз болған жоқ. Саяжай бірлестіктерінің тұрғындары   көшеле­рінің жөнделіп, жаяу жүргіншілер жолы жөнделе бастағанына қуанғанмен, бұл жерлердің  сүрулі мүмкін деген   сыбысқа  қауіппен қарайтындықтарын жеткізді.  Саяжай тұрғындары атынан бұл сауалды жолдаған Е.Байсейітовтің  сауалына ауданның бас сәулетшісі ондай қауіптің жоқтығын айтып, тұрғындардың қорқынышын басып қойды.  Қажымұқан  көшесінде орналас­қан жатақхана алдына жарық орна­тылса деген тұрғынның өтініші де жиын үстінде өз шешімін тапты. Сайран Тәпен­ұлы өткен жылы жатақхананың алдына балалар ойнайтын алаң салы­нып, ауласының жөнделгенін айта келіп, енді жарық мәселесін де шешіп беруге уәде берді.

 

ӨТКЕН ЖЫЛЫ 42  АЯЛДАМА ЖАСАЛЫП, 72 ЖАҢА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ҚОЙЫЛДЫ

 

«Қалқамандағы»  ауыз су мәселе­сінің шешілгенін естіген «Таусамалы» ықшамау­да­нының тұрғындары да сондай игілікке қолымыз жетсе деген өтініштерін жеткізді.  Тұрғындар сауа­лына жауап берген әкім бұл мәселенің   жақын уақытта  шешіліп қалуы мүмкін екендігін айтты. Қазір сарапта­малық жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Сәуір айына дейін сараптамалық және сметалық-жобалау жұмыстары аяқтал­са, «Таусамалындағы» су  мәселесі  толық шешіледі деген әкім, жалпы ауданда   судың күрделі мәселе болып тұрғанын, аудандағы сумен жабдық­таушы 54 станса­ның  жекеменшіктің иелігінде екендігін айтып, қазір қала әкімдігінің  шешімімен Ақсай және Қарғалы өзендері арқылы тұрғындарды су  және  су бұрумен қамта­масыз ету үшін үлкен су сүзгілеу стансасын салу, сонымен қатар, «Барлық» базарының шығыс бөлігінен су тоғанын орнату жұмысы қолға алынып жатқан­дығын, осы жұмыстар толық аяқталса, Нау­рызбай ауданындағы ауызсу, суармалы су мәселесіне нүкте қойылады деп тұрғын­дарға нық жауап берді.

 

187 АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ

 

Шынын айту керек,  бұл аудан аума­ғын­да жөні түзу аялдама жоқтың қасы еді. Ал қазір көше бойларында заманауи аялдамалар бой көтеріп, жолаушылар үшін жайлы жағдайлар жасалған. Қолдарын­дағы қоқыстарын қалай болса солай лақтыра салғысы келіп тұратын тұрғындар бүгінде тәртіпке бағынып, аудандарының таза болуына атсалысып келеді.  Өткен жылы  47  аялдама жаңар­тылыпты. Ал биыл тағы 12  жаңа аялдама орнатылмақ. Жалпы, аудан бойынша  келешекте  жаңа тұрпатты 187 аялдама бой көтермек. Ауданда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға, осы бағдарламадағы «Туған жерге туыңды тік» бағдарламасы бойынша  аудандағы қалта­лы азаматтар­дың халықтың әлеуметтік жағдайларын жақсартып, әлеуметтік нысан­дар салып беруге қолұшын беріп жатқаныны айрықша атап өтті. Аудан  бойынша пайдаланылуға берілген 42 бала­бақша сол кәсіпкерлердің тартуы көрінеді. Балаларға арналған ойын, спорт, шағын демалыс орындарының бой көте­руіне де    аудан кәсіпкерлері  үлкен үлес қосып отырған жәйлары бар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *