ТАУЛЫ КУРОРТТАРҒА 2 ЭКСПРЕСС МАРШРУТ ЖҮРЕТІН БОЛДЫ

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің мегаполис және Алматы облысының таулы кластеріне жасаған жұмыс сапарының қорытындысы белсенді демалысты таңдайтын алматылықтар үшін олжалы аяқталды. Қалалықтар мен шеттен келген туристерге ыңғайлы болсын деп «Oі-Qaragaі Lesnaya Skazka» және «Пионер» таулы курорттарына екі экспресс маршрут қатынайтын болды.

15 наурыздан бастап №209 және №210 бағыттағы маршруттар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен таулы курорт­тың арасына аптасына үш рет қатынайды. Яғни автобустар жұма, сенбі, жексенбі күндері таңғы сағат 08.00 мен кешкі сағат 20.00 арасында жүреді. Қозғалыс интервалы – 70 минут.

Жол жүру құны – 300 теңге деп белгі­ленген. 7 жасқа дейінгі балаларға жол жүру тегін. Ал 7 жас пен 15 жас арасындағы балаларға жол жүру ақысына 50 пайыз жеңілдік жасалған. Қызмет көрсетуші – «Алматыэлектротранс» ЖШС.

Айта кетейік, Алматы қаласы әкімші­лігінің арнайы тапсырмасымен туристік саланы дамыту үшін «Master Concept» австриялық компаниясы Түрген, Ақ бұлақ, Ой-Қарағай Лесная скзака, Табаған, Бутаковка, Пионер, Көк жайлау, Шым­бұлақ және Қаскелең секілді Алматы және Алматы облысы аумағындағы таулы өңір­лерді дамытудың 2030 жылға дейінгі мастер-жоспары жасалған болатын.

Аталған мастер-жоспарда 470 шақы­рым жаяу жүргіншілер жолын және 85 шақырым велосипедшілер жолын, 45 шақы­рым атпен жүруге арналған жол, сондай-ақ, қазіргі жолдардан ұзындығы 6 есе болатын 250 шақырым шаңғы жолда­рын дамыту жоспарланып отыр.

 Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *