Тауар сапасы мен жеткізілу мәселелері қозғалды

Халықаралық қоғам 9 маусымды Дүниежүзілік аккредиттеу күні ретінде атап өтеді. Соған орай, кеше қаладағы қонақ үйлердің бірінде «Жеткізу тізбегінің құндылығын көбейте отырып аккредиттеу» атты халықаралық форум болып өтті. 

 Әсел ДАҒЖАН 

«Техникалық реттеу және аккредиттеу», сонымен қатар «Аккредиттеу: жеткізу тізбегіндегі құндылықты көбейту» тақырыптарында екі панельдік секциямен өткен форум сертификат, сапа, қауіпсіздік, тауарларды жеткізудің көлеңкелі тұстарымен күресу, соңғы жылдары өте өзекті мәселеге айналған киберқауіпсіздік секілді проблемаларды сөз етіп, түрлі шешімдер қарастырды.

Айта кетейік, посткеңестік елдер арасында Қазақстан бірінші болып аккредиттеу қызметін үкіметтік емес басқарудағы «Ұлттық аккредиттеу орталығына» сеніп тапсырған болатын. Ол орталықтың құзырына өнімнің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органдарды, менеджмент жүйелерін, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу және медициналық зертханаларды, біліктілікті тексеру провайдерлерін аккредиттеу сияқты бағыттар кіреді.

Бүгінде аталған орталық аккредиттеу жүйесін жетілдіруде мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, аккредиттеу мен техникалық реттеу саласында заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар әзірленуде. Ол көлеңкелі жолмен жалған сертификат берушілердің жолын кесіп, кез-келген қазақстандық өнімге деген тұтынушылардың сенімін арттырып, тауардың экспорттық әлеуетін күшейтпекші. Сондай-ақ, құжат айналымын қысқартып, нарықты контрабандалық және жасанды тауарлардан сақтап, аккредиттеу саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін аталған орталық біртіндеп электронды сертификат беруге көшпекші. Эксперт мамандардың айтуынша, бұл ең алдымен түрлі тауар мен қызмет түрлерін пайдаланатын қатардағы тұтынушыларға пайдалы болмақ. Өйткені, электронды сертификат сапасыз әрі көлеңкелі жолмен жеткізілген тауарларды бірден анықтауға сеп болады. Әрі тауарлардың дер кезінде жеткізіліп, экспорттың алға басуына да әсер етпек.

Осы және өзге де мәселелер қозғалған форумға Мәскеу, Белоруссия, Қырғызстаннан арнайы өкілдер келіп, ҚР Қаржы министрлігі, «Атамекен» АЭА, «Қазақстандық индустрия және экспорт» АҚ өкілдері мен сарапшылары қатысты.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *