Тау етегіндегі әз-Наурыз

Рая ЕСКЕНДІР

 

Тау етегіндегі бақытты бала­қай­лар мекені айрықша кейіпке еніп, еліміз дүбір­лете тойлап жатқан әз-Наурызды тойлауға кіріскен.

Медеу ауданына қарасты №125 бөбекжай-балабақшаның тарихы да еліміздің саяси өмірі­мен сабақтас. Олай дейтініміз, 2015 жылы ашылған бұл ғимарат­ты елін сүйген патриот азамат Мұрат Әділханұлы дәл 1 желтоқ­сан — Тұңғыш Президент күніне сыйлық ретінде қаланың ең кішкен­тай бүлдіршіндеріне тарту еткен еді. Мемлекеттік жекемен­шік әріп­тестікті дамыту бағдар­ла­масы аясында салынған бұл балабақ­шаның аумағы да өте кең, үш жарым мың шаршы метр аумақ­­ты алып жатыр. Сондықтан әз-Наурыз тойын әрбір топ ауыл-ауыл болып атап өтті. Әрбір  топ бір ауыл болғандықтан, құрақ көр­пе, сырмақ, алаша, киіз, түс­киіз, торсық, домбыра, қамшы сынды ұлтымыздың құндылығына айналған жәдігер-дүниелер төрден орын алды.

Ақ сақалды аталар ақ батасын беріп, әжелер шашу шашып, мерекенің көркін кіргізді. Осынау ғимаратты елінің адал ұлы Мұрат Әділханұлы маңдай терімен тұрғы­зып, еңбегін сіңіргенін баршамыз білеміз. Сондықтан бұл күні халқы­ның қалаулы ұлы арнайы келіп, барша ұжым мен ата-ана­ларды, бүлдіршіндерді құттық­тады. Еліміздің саяси өмірі мен атқары­лып жатқан игілікті істердің бар­лығы жас жеткін­шектердің жар­қын болашағы үшін жасалып жатқанын жан-жақты әңгімелеген қалалық мәс­лихат депутаты Мұ­рат Әділхан­ұлы келген жыл еліміз үшін құтты болсын деген тілегін жеткізді.

Мерекелі ауыл тойы мұнымен де біткен жоқ. Ұлттық салт-дәс­түр, жөн-жоралар жасалды. Алғаш­қы қадам жасай бастаған сәбилердің тұсауы кесілсе, қазақы ырыммен дүниеге енді келген нәрестеге ат қою ырымы жасал­ды. Ұлттық мәзірге толы дастар­ханнан ауыз тиген ата-аналар бір-бірімен танысып, ағайындай араласып кетті. Балабақша балақайларды тек орынмен ғана қамтып отырған жоқ, мемле­кетіміздің жұмыспен қамту бағдарламасын да орындап отыр.

Ата-аналар мен бүлдіршіндер ізгілік пен мейірімге толы Наурыз тойын аса ұйымшылдықпен әрі маз­мұнды етіп өткізе білген бала­бақша меңгерушісі Арайлым Қаз­бекқызы мен оның ұжымына ал­ғыс жаудырып, көңілді тарқасты.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *