Тау етегіндегі той

Тау етегіндегі Оқу­шылар сарайы маңына бейне қазақы ауыл көшіп келгендей. Ап­пақ киіз үйлердің қата­рынан орын алған алты­бақан да әдемі көріністің келбетін аша түскендей. Міне, жыл сайын ұлтымыздың осын­дай болмыс-бітімі мен салт-дәстүрін дә­ріп­тейтін Нау­рызды Оқушылар сарайының ұжымы да ба­рынша нақыш­пен атап өтіп келеді.

558«Армысың, әз-Наурыз» деп аталатын мере­келік кешті Оқушылар сарайының басшысы Айгүл Байсымақова ашып, барша қонақтарды осынау ізгілікке толы мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдірді.

– Наурыз – біздің халқымыздың ежелден келе жатқан мерекесі. Бірліктің, ізгіліктің, ағайын мен туыстың сағына тосатын татулық мерекесі. Күн мен түн теңеліп, тіршілік жаңарып, Самар­қан­ның көк тасы жібіген осынау мерекені біздің кішкентай өнерпаз­дары­мыз да толайым табыс­тармен қарсы алып отыр, – дей келе, Оқу­шылар сарайы­ның өнерлі бала­ларының мерекелік кон­цертін тамаша­лауға шақыр­ды.

Көктемді қарсы алып, бауыры бүтін аға­йынға аман­дық тілеген әжелер аластау рәсімін жасап, адыраспан түтетті. Міне, ортаға «ақ мол болсын, қайда барсаң жолың болсын», – деген батамен Қыдыр ата келді.

Осыдан соң, Оқушылар сарайының жас өнерпаздары мен Ж.Еле­беков атындағы Рес­публикалық эстрада және цирк колледжі мен О.Таңсықбаев атындағы сәндік қолдан­балы өнер колледжінің өнерпаздары өз өнер­лерін ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Рая ЕСКЕНДІР

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *