ТАУ БАЛАСЫ ТАУҒА ҚАРАП ӨСЕДІ

Алматы әкімдігі жазғы демалыста балаларға арналған әлеуметтік жоба дайындады

Оңтүстік астана әкімдігі мен «Алматы спорты» әлеуметтік жобасы жазғы каникул кезінде алматылық оқушыларға бағдарлама әзірледі.

Әлеуметтік жоба бойынша 11-15 жас аралығындағы алматылық оқушылар тегін «Тауда болу» курсынан өтеді. Бағдарлама бойынша балалар тауға шығу, таудағы демалыста өзін-өзі ұстау, сондай-ақ табиғатты аялау, экология­лық тәртіпке үйренеді.

Және де қала баласының бір сәт болса да түрлі әлеуметтік гаджеттерден босап, таза ауада жаңа достар тауып, табиғатта өзін-өзі ұстау үшін қажет.

Кәсіби білікті альпинистер бала­ларды осының бәріне – тауда коорди­наттарды анықтау, тау өзендерінен, түрлі өткел, шатқалдардан өту, тау жағдайында палатка құру, алғашқы медициналық көмек көрсету, табиғатта тамақ дайындау, т.б. үйретеді.

Бағдарламаның өту тәртібі:

Сағат 7.30-дан 17.30-ға дейін;

Дүйсенбі, сәрсенбі – «Кім-Асар» шатқалына шығу;

Жұма – «Мыңжылқы» үстіртіне саяхат.

Үш күндік курсқа көлікпен апарып-әкелу, тамақтандыру, сақтандыру полисі кіреді.

Жоба 31 тамызға дейін жұмыс істейді.

Тіркелу «almaty.sporty.kz» сайтында жүргізіледі.

Мекен-жайы: Бөгенбай батыр көшесі, 66

Байланыс телефондары: 87072457255, 87073439677, 87783526141

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *