Тау бөктері өртенді

11«Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Ерменсай ауылында тау бөктеріндегі құрғақ ши өртенді». Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департментінің баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев осылай деп мәлімдеді.

– Алдымен өрт шалған алқаптың терістігі мен оңтүстігі өшірілді. Содан соң батыс жақтағы өрт алқабы өшірілді. Өрт шамамен 20-22 га. жерді шарпыған. Бұл жерде ешқандай ауылшаруашылық, не болмаса басқа да нысандар орналаспаған. Өртті өшіруге 13 техника мен 50 жеке құрам қызметшісі жұмылдырылды, – деді баспасөз хатшысы.

Облыстық ТЖД мамандары өрттің шығу себептерін анықтау үстінде. Қызыл жалын жергілікті жұртшылықтың салғырттығынан болуы әбден мүмкін. Ұйымдастырылған сенбіліктің бірінде жергілікті жұрт аймақтан шыққан қоқысты өртеген кезде тұтанып кеткен болуы кәдік. Дегенмен, бұл болжам ғана.

Айнабай МӘДИ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *