ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Әркімнің жүрегіне жол таба білу – адамдарды басқару өнерінің ең қастер­лісі. Оған ерлікөжеттік емес, ысыл­ғандық, адаммен тіл табыса алу дағдысы керек. Ал көзқарас кеңдігі – тәрбиелілік негізі. Өзгелерді басқарғың келсе, өз сезімдеріңді жасырудың өзі ісіңді алға жылжытады. Бүгінде әділет, құқық қорғау органдары саласына қоғамды сауықтыруда үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Қоғамдық қатынастардың аражі­гінде басы ашылмаған дүниелер көп. Өмір қаншалықты қалыптасқа­нымен, жастық шақтың арманы мен оның арасында әрқашан қарамақарсылықтар орын алатыны белгілі. Уақыт біздің ешқайсы­сымыздың таңдаған жолымыз­бен жүре алмайтынымызды көрсетіп отыр. Одан шығатын зайырлы жолөзара келісім, татулық шаралары.

Кеше ҚР Жоғарғы соты мен ҚР Кәсіподақ Федерациясымен қол қойыл­ған өзара ынтымақтастық меморан­думын іске асыру аясында «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің базасында Татуласу Орталығының (Центра Примирения) салтанатты ашылуы болып өтті.

Оған Алматы қалалық сотының басшылары, аудандық соттардың судья­лары, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының жауапты қызметкерлері, «Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқар­масы» КММ-нің мониторинг және талдау бөлімінің қызметкерлері, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-нің, Кәсіби медиаторлар одағы» ҚБ-нің медиаторлары, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету, энергетик, теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі, мәдениет, спорт және ақпарат, білім және ғылым саласындағы, Қарулы күштер қызметкерлерінің «Senіm»денсаулық сақтау қызметкерле­рінің, атом өнеркәсібі, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері бастауыш ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Шара «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында қоғамдық сананы жаңғыр­ту, қоғамда болып жатқан өзара келіспеу­шіліктің алдыналу мақсатында даулар мен жанжалдарды соттан тыс келісім жағдайында шешу мәселелері бойынша құқықтық және делдалдық көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарына, жеке және заңды тұлға­ларға құқықтық кеңес беру мәселесін қамтыды. Шығып сөйлеушілер ежелгі дала дипломатиясына сай, біріктіру, өзара сыйластық пен татуластыру тұрғысындағы құндылықтарды одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *