«ТАСТАҚ» МЕШIТIНДЕ ДЕ ҚОЛДАУ ТАУЫП ОТЫР

Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербiсәлi хазрет мүбәрак айда кәсiпкер мұсылмандарға азық-түлiктiң, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердiң бағасын 10 пайызға жеңiлдетуге шақырды.

Қоғамдық көлiктерде жүру мен коммуналдық төлемақылар және телекоммуникациялық байланыс тарифтерiн де төмендетуге үндедi. Сонымен қатар, мейрамханалар мен жиын-тойларда iшкiлiктiң ешбiр түрi iшiлмеуiн, дүкендерде сатылмауын баса айтты. Бұл үндеу «Тастақ» мешiтi тарапынан үлкен қолдау тауып отыр.

Мен кәсiпкермiн. Халықты жиһаздармен қамту қызметiмен айналысамын. Өз мүмкiндiгiмдi есептей келе дiнбасының үндеуiн қолдап, «Беларусь» жиһазы, «Атакент», «Армада» ғимараттарында сатылатын жиһаздардың бағасын 10-15 пайызға, тiптi кейбiр тұрмысқа өте қажеттiлерiн 20 пайызға төмендетiп сатуды ұйғардым. Бұл ойымды «Тастақ» мешiтiндегi намазхан достарым да қолдап отыр.

Асқар НАУРЫЗБАЕВ, кәсiпкер.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *