ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАНИ БІЛЕЙІК

Жетісу ауданындағы №103 мектеп-гимназиясында

ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған жиын өтті.

Жиналысты мектеп дирек­торы А.Өмірзақова  ашып, Елба­сы ең­бегіне шолу жасап, көте­рілген негіз­гі мәселелерге тоқтал­ды. Ал А.Каршалова өз баянда­масында аталған еңбектің ұлт руханиятын көтерудегі маңызына жан-жақты тоқталды. Мақала стратегиялық сипатқа ие және тарихи сана қалып­тас­тыруға, мемлекетшілдік сана орнықтауға негізделгені айтылды. Тарихи сананың тұғыры қашан да ұлттық болмыстан екені белгілі. Елбасы еңбегі көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдауға шақырады. «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымыз­ды көрсе­тейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылы­ми де­ректерге сүйене отырып, жаһан­дық тарихтағы өз рөлімізді байып­пен әрі дұрыс пайымдауға тиіс­піз», – дей келе, негізінен, біз­дің әлемдік өркениетке қосқан үлесімізді, жаһандық даму үр­дісіне тигізген айтарлықтай сеп­тігімізді қайтадан зерделеп, әлем­ге жаңаша заманауи түрде дәріп­теуге үндейді. Мақала кіріспеден, екі ірі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Мақалада алты ірі жаңа жоба ұсы­нылып отыр. Олар қазақ тари­хын зерттеуге жә­не Қазақстан мәдени мұра­ларын насихаттауға бағыт­талған. Шын мәнінде біздің Ұлы дала­мыз­дың ғалам мәдениеті мен өркениетінде өзіндік ойып алар орны бар екені рас. Оған ешкім­нің таласы болмауы тиіс. Тек соны нақтылап, шегелеу үшін алдымен оның мәні мен маңызын өзіміз жете түсініп, түйсінуіміз керек.

Бұл бастама «Рухани жаң­ғы­ру» бағдарламасының жалғасы ретінде қаралады. «Рухани жаң­ғыру» жалпыұлттық бағдарлама­сының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көпғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұра­нысқа ие болуын қамтамасыз ете­ді және оны жаңғыртуға мүм­кіндік береді. «Төл тарихын біле­тін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенеміз. Өткенін мақ­тан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің та­бысты бол­уының кепілі дегеніміз осы», – деді Елбасы. Ке­ле­сі ке­зекте Үміт Батырханова мақа­ла­дағы негізгі тұжырымдар мен ұсы­ныстарға талдау жасап шықты. «Мұның барлығы қазақта ғылым­ның, зиялы ортаның және жоғары мәдениеттің болғанын көрсететін басымдықтар. Осыны басшы­лыққа алып, бүгінгі кейбір сте­рео­типтерді жойып, жаңаша ұғым, көзқарас қалыптастыруы­мыз керек. Дәл біздің даламыздан бастау алған мәдениеттердің игілігін дүние жүзінің әлі күнге дейін көріп отырғанын дәріптеуі­міз қажет. Мұндай қадам Ұлы даланың тарихын тым тереңнен бастап, бірнеше мың жылды қам­туды талап етеді. Сондықтан түркі дүниесімен бірге ғұн, сақ­тарға дейінгі ата тарихымызды тыңғы­лықты зерттеп, зерделе­геніміз абзал», – деді.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.Әбілқайырова Елбасы еңбе­гінің «Рухани жаңғыру» үдерісін одан әрі дамытуға қосылып отыр­ған елеулі үлес екенін атап көр­сетсе, мектебіміздің жас маманы, бас­тауыш сынып мұғалімі А.Қуа­нова бүгінде білім алушылардың барлы­ғы, сонымен қатар, жас маман­дар­дың бәрі жаппай Елбасы еңбегін оқып, оны бірауыздан қолдап отырғанын атап айтты.

Айгерім ДӘЛЕЛҚЫЗЫ,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.    

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *